«My Homeland Kazakhstan: Towns and Cities»

2016 ж. желтоқсанның 3-ші жұлдызында шетел тілдері кафедрасы оқытушылары Ә.Шаяхмет пен Г.Алмабаева «My Homeland Kazakhstan: Towns and Cities» атты Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тәрбие шарасын “Айналаңды нұрландыр!” бағдарлама аясында жатақханада өткізді. Шығыстану факультетінің екінші және үшінші курс студенттері өздерінің ағылшын тіліндегі презентацияларында туған қалалары жөнінде әңгімелеп, интернеттен видеоклиптерді көрсетіп, туған жердің аса маңыздылығына ерекше көңіл аударып, курстастары мен оқытушыларды Қазақстан тәуелсіздігі мерекесімен құттықтап өтті.

Басылым күні :  13.04.2017