Фильм "Ол"

2023 жылдың 17 сәуірінде Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Логистика" мамандығы бойынша 1 курс студенттері ағылшын тіліндегі "Ол" (2013) фильмін ашық талқылау түрінде дербес жобалық жұмысты дайындады.

Студенттер фильмнің сюжеті және Теодор есімді жас жігіттің жасанды интеллектпен қарым-қатынасы туралы әңгімеледі. Мегаполистердің тұрғындары виртуалды әлемде көп сөйлесетінін атап өтті. Мүмкін бос уақыттың болмауына байланысты, немесе түсінбеу, қабылданбау қорқынышынан.

Бұл фильмде көптеген философиялық сұрақтар бар. Бізді махаббат, иллюзия және жақын болашағымыз туралы ойландыратын кино.

 

Іс-шара "Movie Fans" клубтық жұмысы аясында өтті.

Клуб жетекшісі: Тілеуғабылова З.А..

Басылым күні :  20.04.2023