«Эдди, Қыран бүркіт!»

2023 жылдың 12 сәуірінде Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Менеджмент" мамандығы бойынша 1 курс студенттері ағылшын тіліндегі "Эдди, Қыран бүркіт" (2016) фильмін ашық талқылау түрінде дербес жобалық жұмысты дайындады.

Студенттер фильмнің сюжеті және Эдди есімді басты кейіпкердің батылдығы туралы әңгімеледі. Оның рухының күштілігі, спорттық оптимизмі және оған ешкім, тіпті туыстары мен жақындары сенбеген кезде оның өзіне және өз мүмкіндіктеріне сенімі туралы баяндады. Жалпы фильм атақты спортшы болғысы келген және Олимпиада ойындарына спортшы ретінде баруды армандаған жас жігіт туралы. Эдди трамплиннен секіруге бірден келген жоқ. Ол өте табанды және қыңыр болды, жарақаттан қорықпады. Эдди тіпті қар болмаған жағдайға қарамастан жаттығады. Ол өзінің жеке рекордын ғана емес, Британияның ұлттық рекордын да жасады, өйткені оған дейін Ұлыбританияда ешкім мүендай биіктен секірген жоқ.

Шынайы оқиғаға негізделген мотивация беретін мейірімді фильм. Ең басты түйін - қиындықтарға еш берілмей, мақсатыңызға жету!

Іс-шара "Movie Fans"клубтық жұмысы аясында өтті.

Клуб жетекшісі: З. А. Тілеуғабылова.

Басылым күні :  13.04.2023