Майкл Джексон «The Earth Song»

       2022-2023 оқу жылына құрылған “English Club of Song Lovers” ағылшын тілін ән арқылы үйрену клубының жоспарына сәйкес, 2023 жылдың сәуір айының 5-ші жұлдызында, сағат 14.00 - 15.30 аралығында Клубтың қорытынды алтыншы отырысы ұйымдастырылды. Клуб отырысы жоспарға сәйкес клуб мүшелерінің қатысуымен және де клуб жетекшісі, шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы - Г.А.Мусанованың ұйымдастыруымен өткізілді. Клубтың сәуір айына жоспарланған алтыншы отырысы атақты америкалық аңыз әнші Майкл Джексонның «The Earth Song» әніне арналды. Клуб отырысына қатысушылар Заң факультетінің 1 курс студенттері болды.

         Алдымен клуб жетекшісі, аға оқытушы Г.А.Мусанова клуб мүшелеріне арнап құттықтау сөз сөйлеп, отырысты ашық деп жариялады. Қорытынды Клуб отырысы ағылшын тілінде өтті. Отырыс аясында, ең алдымен студенттердің тақырып бойынша презентациялары көрсетіліп, баяндамалары тыңдалды. Төмендегі Клуб мүшелері өздерінің тақырып бойынша дайындап келген презентациялары мен баяндамаларын оқып, қызықты мәліметтерімен бөлісті:

1-топ: Студенттер Жумағалиева Жанеля, Ниязгалиев Алишер, Қуанышұлы Әлім атақты әнші Майкл Джексонның өмір баяны туралы мәлімет берді.

2-топ: Студенттер Сандыбаев Ақылбек, Рашид Аяулым, Рахметқалиев Илияс “The Earth Song” әнінің шығу тарихынан көптеген қызықты мәліметтермен бөлісті.

3 -топ: Мұратұлы Марғұлан, Мухит Нурай “The Earth Song” әні мәтіні бойынша жаңа сөздер мен әннің грамматикасына талдау жасады.

Клуб отырысында студенттер айтылған мәліметтер бойынша және көрсетілген презентациялардан алынған білімдері негізінде бір-біріне сұрақтар қойып, пікір алмасты, Майкл Джексонның “The Earth Song” әнін бірге орындады.

Қорытынды Клуб отырыс соңында аға оқытушы Г.А.Мусанова бір жыл көлемінде “English Club of Song Lovers” клубында атқарылған жұмыстарға қорытынды жасап, нәтижелерімен бөлісті. Клубтың жұмысын дамытуға бір жыл бойы қатысып, өз білімдерін, тілдік деңгейін көтеруге атсалысқан белсенді студенттерге және де Клуб жұмысына қызығушылық танытып жүрген басқа да факультет студенттерін марапттап, өз алғысын білдірді.

Басылым күні :  06.04.2023