«Алғыс айту күні»

Желтоқсан айының 3 жұлдызында шығыстану факультетінің студенттері Өтетілеуова Ә.Ж-ның жетекшілігімен, университеттік «Айналаңды нұрландыр!» бағдарламасы аясында «Алғыс айту күні» іс-шарасын өткізді. Іс- шараға шығыстану факультеттерінің 1-курс бакалавриат студенттері белсене қатысты. Сахналық көріністерден басталған іс-шара, ән, би және студенттердің креативті видоларымен жалғасты. Іс-шара барысында викторина үшін стденттер және көрермендердер топтастырылып, сайыс соңында жеңімпаз топ анықталды. Көремендерден құралған топ сайыстың жеңімпазы атанып сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар, студенттер ағылшынша «Алғыс айту күнінің» дәстүрлі тағамын дайындауға арналған видеосын көрсетті. Шараға қатысушылар ағылшын тілінде ғана емес, сонымен қатар батыс және шығыс тілдерінде өз алғыстарын білдірді.

Басылым күні :  09.12.2022