А. Қостеев атындағы мұражайға бару

2022 жылдың сәуір айының 27 күні, сағат 17.00-18.00 аралығында “Speaking Club” мүшелерінің кезекті кездесуі өтті. Бұл жолы кездесу Әбілхан Қастеев музеінде өтті. Музейде сабақ өту тіл үретудің бір тәсілі болып табылады, студенттер жекелеген тақырып бойынша алған білімдерін бекітіп, тереңдете түседі сонымен қатар студенттерді музей коллекцияларымен, еліміздің тарихы және мәдениетімен таныстыру қазақ халқының тарихына, мәдениетіне және дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тереңдету. Музейде студенттерге алдын ала дайындалған тапсырма бойынша жеке туындылар берілді, әр студент берілген жұмысын ойдағыдай орындап шықты. Кездесу өте тартымды өтті.

Клуб мүшелері «География және табиғатты пайдалану» және «Ақпараттық Технологиялар» факультеттерінің 1-шi курс студенттері.

Клуб жетекшілері шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Н.Б.Момбекова, оқытушы М.М.Жемилева.

VID-20220428-WA0030.mp4

Басылым күні :  29.04.2022