«Қазақстандағы және әлемдегі білім», «Технология»

2022 жылдың сәуір айының 22 күні, сағат 17.00-18.00 аралығында “Speaking Club” мүшелерінің кезекті кездесуі өтті. Бұл жолы кездесуге Mr Ayo ағылшын тілі маманы арнайы шақырылды. Кездесудің мақсаты-Ана тілінде сөйлейтін адамның алдында екінші тілде сөйлеудің сенімділігін арттыру, ағылшын тілі сабағынан және үйірмеде үйренген білімдерін шыңдау. Mr Ayo студенттермен “Education in Kazakhstan and in the world”, “Technology” тақырыптарын талқылады. Сөйлеу барысында Mr Ayo студенттерге әр сөйлем грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастырылып және айтылымы дұрыс болуы маңызды екенін атап өтіп, студенттердің дұрыс сөйлеуін қадағалап отырды. Барлық студенттер тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті, соңында «Туризм» мамандығының студенті Құдаберген Альбина ағылшын тілінде өлең айтты. Кездесу өте қызықты өтті және студенттер Mr Ayoмен тағы да кездесу өткізуімізді өтінді. Клуб мүшелері «География және табиғатты пайдалану» және «Ақпараттық Технологиялар» факультеттерінің 1-шi курс студенттері.

Клуб жетекшілері шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Н.Б.Момбекова, оқытушы М.М.Жемилева

VID-20220422-WA0037.mp4

Басылым күні :  24.04.2022