Green Campus

 

2022 жылдың ақпан айының 21-ші жұлдызында, сағат 15.30-16.30 аралығында Заң факультетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша оқитын 1-ші курс студенттерімен “Green Campus” университет жобасы аясында тәрбие сағаты өткізілді.

         Алдымен ағылшын тілі пәнінің аға оқытушысы Г.А. Мусанова тәрбие сағатына қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. Тәрбие сағаты ағылшын тілінде, жоспарға сәйкес ең алдымен Кудебаев Досболдың “Университет аясындағы және Қазақстан Республикасы аумағындағы экологиялық проблемалар” тақырыбы бойынша дайындаған презентациясымен басталды. Студенттер Аукен Бауыржан, Исмагулова Елмира, Ниязбек Ардақ өздерінің дайындап келген баяндамаларын оқып, қазіргі таңдағы эклологиялық мәселелер туралы тың мәліметтер берді. Сонымен қатар, студенттер Кішкенбай Асқар, Нурғалиев Нұрғиса және Қарақұлов Серік университет маңында темекі шегудің алдын алу мәселесін көтеріп, өздерінің қысқа жобалары арқылы осы мәселені шешу жолдарын ұсынды. Тәрбие сағаты соңында, студенттер бір-біріне сұрақтар қойып, сөзжұмбақта жасырылған экология тақырыбына қатысты сөздердің жауаптарын тапты. Дұрыс жауап тауып, ағылшынша сөздердің аудармасы мен анықтамасын түсіндірген студенттерге сыйлық берілді. Тәрбие сағаты Капашов Алиханның дайындап келген Green Campus эмблемасының мағынасы жайлы баяндамысмен аяқталды.  

       Жалпы, тәрбие сағаты қызықты деңгейде өтті. Студенттердің де іс-шара тақырыбы бойынша дайындықтары өте жақсы болды. Тәрбие сағатының соңын қорытындылай келе, аға оқытушы Г.А. Мусанова студенттерге белсенді болғандары үшін өз алғысын білдірді.

Басылым күні :  23.02.2022