Көркем фильмді қарау және талқылау: «Элизабет»

"Movie Fans" клубының жетекшілері шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары Тлеуғабылова З. А. және Махажанова Л. М. 2021 жылдың 26 қарашасында "Elizabeth" (2007ж.) фильмінің ағылшын тілінде on-line талқылауын өткізді. Фильмді талқылау клубтың жоспары бойынша Экономика және Бизнес Жоғары мектебінің 1 курс студенттері арасында өтті.

Нурай Ажмуратова осы фильмде басты рөлдерді ойнаған актерлер туралы бейнематериал дайындады. Базилжанова Жанель "Елизавета" (1998) және "Алтын ғасыр" (2007) фильмдерінің екі нұсқасын салыстыра отырып, тұсаукесер жасады. Кердасбай Нұржан мен Дулатова Анель қатысушылар арасында викторина дайындап, өткізді. Іс-шара соңында студенттер фильм туралы өз әсерлерімен бөлісті, Патшайым Елизавета I өз мемлекетінің дамуы үшін бәрін жасады, оның қалыптасуы мен күшіне үлкен үлес қосты деген ортақ пікірге келді.

Талқылау барысында студенттер Дүниежүзілік тарих саласындағы терең білімдерін және ағылшын тілін меңгеру деңгейін көрсетті.

 

Басылым күні :  03.12.2021