“English talking club”

Филология факультеті

Шет тілдері кафедрасы

“English talking club”,   2020-2021 оқу жылы                  

     Тақырыбы: «My hobby»

     Клуб отырысы   №3

Жоспар бойынша “English talking club” кезектегі отырысы 2020 жылдың 28-қарашасында   өтті. Бұл отырысқа клуб жетекшілері, шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Адилбаева У. Б және кафедраның аға оқытушысы Гайипова Г. А және инстаграмга тіркелген студенттер қатысты.

           Клубтың тақырыбы: «My hobby», қатысқандар саны 47 олардың ішінен 8 студент Кыргыз-түрік Манас университетінің студенттері және 3 студент КазҰПУ студенттері. Клуб жетекшілері тақырып бойынша жалпы бағыт-бағдар көрсетіп берді. Клуб отырысы аясында қатысушылар бос кездерінде немен шұғылданатындары туралы кеңінен айтып берді және бір-біріне сұрақ қою арқылы диалогтар жасап өздерінің жаңа достары туралы көп мәлімет алды. Клуб жетекшілері студенттердің тақырып бойынша қолданатын лексика және грамматикалық тақырыптары бойынша қолдау көрсетіп, көмектесіп отырды.

         Клуб қатысушылары бүгінгі клубта жоғары белсенділік көрсетіп, тақырып оларға қатты ұнағанын басып айтты. Клубының жетекшілері іс-шараға қатысқан студенттердің белсенді жұмысын атап өтіп студенттерге өз білімдерін жоғары деңгейде көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді. Бүгінгі күнде тіркелгендер саны 73.

Басылым күні :  13.05.2021