“English talking club”

“English talking club”,   2020-2021 оқу жылы                  

     Тақырыбы: «Introduce yourself»

       Клуб отырысы   №1

Оқу жылының басында ҚазҰУ студенттеріне және барлық ағылшын тілін жақсы меңгергісі келетін студенттерге ұлттық, халықаралық деңгейдегі “English talking club” инстаграмда ашылды (student_of_kaznu). Клубтың мақсаты - шетел тілінің коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру, қолданыстағы білім мен сөйлеу дағдыларын қолдау және жетілдіру, кәсіби және тұлғааралық қатынас құралы ретінде ағылшын тілін пайдалануға мүмкіндік тудыру. Клуб жетекшілері; шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Адилбаева У. Б және кафедраның аға оқытушысы Гайипова Г. А 2020 жылы   26-қыркүйекте ZOOM платформасында алғашқы кездесуді ұйымдастырды. Клуб ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын және ағылшын грамматикасы бойынша білімдерін жетілдіруге тырысатын студенттерді біріктіреді. Клубтың қатысушылары ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері және ұлттық, халықаралық деңгейдегі студенттер. Клубтың бірінші күнінде тіркелгендер саны 52 студент оның ішінде 14 студент Қырғыз-Түрік Манас университетінің және 3 студент Абай атындағы КазҰПУ студенттері болды. Алғашқы күні студенттер бірі-бірімен танысып жалпы өздері туралы мәлімет берді. Студенттер аталған клубка мүше болу пайдалы және әсерлі екенін айтып, кездесу соңында жылы лебіздерін білдірді. Клубқа тіркелу тегін және кез-келген тіл үйренуші тіркеле алады. Тіркеліп жатқан студенттер саны күн санап өсіп жатыр.

 

Басылым күні :  13.05.2021