Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы

Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы

30 сәуір 2021 жылы, Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның 155 жылдығының құрметіне арналған “ Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы” тақырыбында қазақ және ағылшын тілдерінде, филология факультеті шет тілі кафедрасының аға-оқытушы: Уразгалиева С.А. ұйымдастыруымен онлайн іс-шара өтті.

          Онлайн іс-шараға механика-математика факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты: Әлихан Бөкейханның қазіргі ұрпаққа қалдырған қанатты сөздері мен шығармаларын білуге тәрбиелеу. Студенттер Әлихан Бөкейханның 155 жылдығының құрметіне онлайн түрде өткен іс-шараға белсенді түрде қатысып, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның қазіргі ұрпаққа қалдырған қанатты сөздерін, өлең жолдарын ұғынып, еңбектеріндегі терең ойларының тәрбиелік мәнін ой бөлісу арқылы жеткізе білді. Іс-шара студенттердің қызығып, белсенді қатысуымен, Әлихан Бөкейханның қазіргі ұрпаққа қалдырған қанатты сөздерін, шығармаларын ұғынуымен өз мақсатына жетті.

Сабаққа сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1OHCaCeiZms_CDT68grw-rl-oK-Gz79QP?usp=sharing

Басылым күні :  12.05.2021