" тұлғаны тап!"

2021 жылдың 29 сәуірінде ҚазҰУ филология факультетінің Шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Қайрақбаева Гүлназ Солтанғазықызы  С. Асфендияров атындағы .КазҰМУ 1 курс студенттерімен  Қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуына орай ашық тәрбие шарасын өткізді. Бауыржан Момышұлы - қазақ совет әскери жазушысы. Оған Кеңес Одағының Батыры және Қазақстанның халық батыры атағы берілген. Іс-шара Бауыржан батырдың өмірбаянын еске алумен жалғасты. Ашық сабақ барысында қонақтармен " тұлғаны тап!" ойыныны  өткізілді.Студенттер белсенді қатысып, өз ойлары мен ізгі тілектерін білдірді.

 

Басылым күні :  12.05.2021