«Біз - батырлар ұрпағымыз»

«Біз - батырлар ұрпағымыз»

19 сәуір 2021 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті, шетел тілдері кафедрасы: доцент, ф.ғ.к. У.Б. Адилбаева, аға оқытушы Гайипова Г.А., Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы Артықова Е.О ҚазҰУ «Ақпараттық технологиялар» факультетінің бірінші курс студенттері және Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерімен бірге «Біз батырлар ұрпағымыз» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара 9 мамыр Жеңіс күні, майданға қатысқан батырларға арналды.

Екі университеттің студенттері 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып ерлік көрсеткен қазақстандық батырлар туралы презентациялар жасады. Ақпараттық технологиялар факультеті студенттері Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Кошкарбаев, Малик Габдуллин, Маншук Маметова, Алия Молдагулова туралы презентациялар көрсетті, Ұлы Отан соғысына қатысқан аталары туралы баяндады.

Презентациялар өте қызықты және мазмұнды өтті, әр студент осы кездесуден өзі үшін пайдалы нәрсе ала алды. Кездесу ZOOM платформасында ұйымдастырылды.

Басылым күні :  12.05.2021