«Көп ұлтты Қазақстан»

«Көп ұлтты Қазақстан»

27 сәуір 2021 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті, шетел тілдері кафедрасы: доцент, ф.ғ.к. У.Б. Адилбаева, аға оқытушы Гайипова Г.А. ҚазҰТЗУ аға оқытушысы Ершиманова Д.О «Ақпараттық технологиялар» факультетінің бірінші курс студенттері және ҚазҰТЗУ студенттерімен бірге «Көп ұлтты Қазақстан» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күніне арналды. Екі ЖОО студенттері 150-ден астам ұлт пен ұлыс тұратын елдегі бейбіт өмір үшін қажетті достық, өзара түсіністік және келісім мерекесі туралы айтып берді. Бұл халықтардың әрқайсысы бірегей, бірақ Қазақстан аумағында бірге тату-тәтті бір - халық. Бұл мереке Қазақстан халқын ел аумағында тұратын өзге ұлттардың дәстүрлерімен және мәдениетімен таныстырып қана қоймай, ұлтты біртұтастыққа біріктіруге бағытталған. Бірінші мамыр мерекесінің мәні осында.

Презентациялар өте қызықты және мазмұнды өтті, әр студент осы кездесуден өзі үшін пайдалы нәрсе ала алды. Кездесу ZOOM платформасында ұйымдастырылды.

 

Басылым күні :  12.05.2021