«Көп ұлтты Қазақстан»

28 сәуір 2021 жылы филология және әлем тілдері факультеті шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Н.Б.Момбекова «1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні» мейрамына арналған «Көп ұлтты Қазақстан» тақырыбында халықаралық деңгейде онлайн іс-шара өткізді. «Қазақстан - көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет. Онда жүз қырыққа жуық этнос өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді. Қазақстан халықтары осы жерде жұмыс жасайтын барлық этностардың мәдениетін, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын құрметтей отырып, өзара түсіністікте және бейбіт өмір сүреді.
   Тәрбие сағатының  мақсаты- жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу. Тәрбиелік іс-шара барысында ҚазҰУ-нің студенттері және Beijing Materials University, Shanghai Jiaotong University, Chongqing University университетінің студенттері еліміздің жетістіктері туралы әр түрлі ақпарат берді, деректі фильмдер көрсетіп, Қазақстан Республикасының әнұранын айтылды. Сабақтың соңында Қытай Халық Республикасы университеттерінің студенттері көршілес жатқан Қазақ елінің ынтымақтастығы одан ары  нығая беруіне тілектес екендерін білдірді.

Басылым күні :  12.05.2021