Қазақстандағы ұлттар достығы

 

2021 жылдың 21 сәуірі күні, Филология және әлем тілдері факультеті шет тілі кафедрасының аға-оқытушысы: Дуйсенбаева Ш.С. ұйымдастыруымен, қазақ және ағылшын тілдерінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Қазақстандағы ұлттар достығы» атты үлкен көлемде онлайн іс-шара өтті. Онлайн іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенттері қатысты.

   Іс-шараның мақсаты: студенттердің ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Студенттер Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Қазақстандағы ұлттар достығы» атты онлайн түрде өткен іс-шараға белсенді түрде қатысып, бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, өлеңдер оқу арқылы ынтымақтыққа, достыққа ат салысу керектігін жеткізе білді. Іс-шара студенттердің қызығып, белсенді қатысуымен, студенттердің ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болу керектігі ұғынылып, өз мақсатына жетті.

Басылым күні :  12.05.2021