Менің елім-менің жерім

2021 жылдың 20 сәуірі күні, Филология және әлем тілдері факультеті шет тілі кафедрасының аға-оқытушысы: Дуйсенбаева Ш.С. ұйымдастыруымен, қазақ және ағылшын тілдерінде Отан қорғаушылар күніне арналған «Менің елім-менің жерім» атты, үлкен көлемде онлайн іс-шара өтті. Онлайн іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің және Тұран Университетінің 1 курс студенттері қатысты.

   Іс-шараның мақсаты: Еліміздің болашағын ойлап, еліне деген адал қызмет етіп, өз елінің елеулі азаматы болуға тәрбиелеу. Студенттер Отан қорғаушы күніне арналған «Менің елім-менің жерім» атты онлайн түрде өткен іс-шараға белсенді түрде қатысып, Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеп, көріністер көрсету арқылы Отанын, елін қорғай білу-әрбір азаматтың міндеті екендігін жеткізе білді. Іс-шара студенттердің қызығып, белсенді қатысуымен, еліміздің болашағын ойлап, еліне деген адал қызмет етіп, өз елінің елеулі азаматы болуды ұғынуымен өз мақсатына жетті.

Басылым күні :  12.05.2021