«Ынтымағы жарасқан мемлекет»

Шет тілдері кафедрасы тәрбие жұмысының 2020-2021 оқу жылының 2-жарты жылдығына арналған жоспарына сәйкес 2021 жылдың 30 сәуірінде Zoom онлайн платформасында сағат 12.00-13.00 аралығында 1 – Мамыр Қазақстан Халқының Бірлігі Күні мерекесіне орай өткізілген тәрбиелік іс-шара өтті. Тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан мемлекет». Іс-шараны ұйымдастырушы - аға оқытушы Мусанова Г.А.          

       Бұл тәрбиелік іс-шараның мақсаты – студенттерге Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

     Тәрбиелік іс-шараны аға оқытушы Мусанова Г.А. алдымен студенттерді аталған мерекемен құттықтау сөзі арқылы ашты. Содан кейін студенттер Қазақстан Республикасының әнұранын айтып, бейноролик көрді. Стденттер тақырып бойынша дайындап келген презентацияларын көрсетіп, мереке туралы құнды ақпараттар беріп, өз ойларымен бөлісті. Іс-шараға қатысқан студенттер Ботабай Мадияр, Серіков Шыңгысхан, Серікбай Алима, Темиров Арнур мерекенің мемлекетімізде қалай тойланатыны жайлы, Қазақстан Халықтар Ассамблеясының атқаратын қызметі туралы көптеген мәліметтер берді. Сонымен қатар, студенттер Әбдіхан Назым, Сабитов Ернар, Жұмасейіт Қуанышбек, Серіков Шыңғысхан ел бірлігі мен тұтастығын және халықтар достығын сипаттайтын өлең шумақтарын оқыды. Іс-шараның соңында студенттер көрермендерің сұрақтарына жауап берді. Іс-шара барысында ынтымақтастық, өзара көмек атмосферасы қалыптасып, студенттер өз ойларын еркін білдіре алды.

         Іс-шара соңында аға оқытушы Мусанова Гулназ Айдаровна, студенттер Темиров Арнур және Баймурат Бейбарссултан іс-шараға қатысқан барлық студенттер мен көрермендерді мерекемен құттықтап, жақсы тілектерін білдірді.  

Басылым күні :  12.05.2021