«Жер-Ана»

2021 жылдың 22 сәуірінде шетел тілдері кафедрасының доценті Ә.К. Шаяхмет Қазақстан Республикасының 30 жылдық тәуелсіздігіне арнап, «Айналаңды нұрландыр!» бағдарламасы шеңберінде «Жер-Ана» атты білім беру-ағарту халықаралық іс-шарасын өткізді. Іс-шара Zoom платформасында Калифорния Лос-Анжелестегі Америка Технологиялар Орталығының студенттері мен оқытушыларының қатысуымен ұйымдастырылды. Әл-Фараби ҚазҰУ студенттері өздерінің презентациясында Қазақстанның ғажайып әдемі жерлерін көрсетіп, сонымен қатар экология мәселелері туралы сөйледі. Қазақ және Америкалық студенттер бір-бірлеріне сұрақ қойып, барлықтарымызға ортақ тақырыптарды талқылады. Қорытындысында, екі жақ та әйгілі білім беру-үйрету “Kahoot!” ойнап, жерімізді аялау туралы көбірек біліп таныды. Іс-шара толықтай ағылшын тілінде өткізілді; қазақ және америкалық студенттер іс-шараның барлығына тигізетін зор пайдасы мен оның ақпараттық мазмұнын қанағаттанушылықпен атап өтті. Америкалық орталығының оқытушылары Д. Вoлкер мен С. Кастро Лове ризашылықтарын білдіртіп, ары қарай ортақ мүдде үшін ынтымақтастықты жалғастыру туралы ұсыныс жасады. Барлық қатысушылар біздің ортақ үйіміз - Жер-Ананың жағдайын жақсарту үшін қажымас тәрбие жұмысы қажет деген пікірге келді.

 

 

Басылым күні :  26.04.2021