Танымдық жарыс

02.12.2022

Көрулер: 832

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде түрік тілінің оқытушысы Буркитбаева Шынарай Дубировнаның басшылығымен 2.11.2022ж түркология фамандығының 1-курс және екі шет тілі мамандығының 2-курс студенттері арасында танымдық жарыс өтті. Екі топ та жарыс барысында өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық билер билеп, өлең айтып, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, ең үздік деп танылған 1-орынды түркология мамандығы студенттері иеленсе,  екі шет тілі мамандығы студенттері 2-орынды қанжығалады. Одан бөлек, ерекше көрсеткен өнері үшін Шалқарбай Лашын, Жәнібекқызы Айкөркем, Құрақ Махаббат сынды студенттер марапатталса, түрік тіліндегі жаңылтпаштарды еркін жатқа айта білгені үшін Рахымбек Құралайым марапатқа ие болды. Әдемі дауыс иесі атағын түркология мамандығының студенті Хаджыева Юлдуз алса, белсене қатысқаны үшін Аразмадов Палта, Матиева Гырмызы, Розмурадова Гурбансултан марапатталды. Кешіміздің қонақтары мен әділ-қазылар алқасының құрамында Түркология және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі Авакова Р.А, Меңгерушісінің орынбасары Сұлтанбек Қ, Екінші орынбасары Ешметова Б, Оқытушы Құдиярова Ш, Қайрат А. Магистрант, т.б болды. Қызықты тартысқа толы болған кешіміз әсем әнмен аяқталды.