Миннесота университетінде ҚазҰУ таныстырылды

28.11.2022

Көрулер: 556

2022 жылдың 15 қараша айында АҚШ, Миннесота университінде университет басшылығы, оқытушы-профессор құрамы мен білім алушы жастарына Қазақстан Республикасы, қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрі, білім беру жүйесі мен университеттерінің ғылыми-технологиялық әлеуетін таныстыру мақсатында «Poster Presentation» көрмеcі ұйымдастырылды. Көрмеде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультеті, түркология және тіл теорясы кафедрасының Болашақ халықаралық бағдарламасы 500 – ғалым жобасы аясында аталмыш университетте «Research and Leadership» бағдарламасымен тағылымдамадан өтіп жатқан спипендиаттары PhD, доцент М. Жамбылқызы, PhD, доцент А. Досанова ұлттық университет жайлы толыққанды ақпараттар берді. Көрмеге Қазақстандық он университет өкілдері қатысты: Назарбаев университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамы. Көрме аясында қатысушы қонақтар тарапынан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне деген қызығушылық ерекше болды. Көрме – екі ел университеттері ғалымдары арасындағы болашақ ғылыми ынтымақтастық пен тұрақты серіктестік байланыс  мүмкіндігін ұлғайта түсері сөзсіз.