Факультет тарихы

 

Филология және әлем тілдері факультеті – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ең ежелгі факультеттерінің бірі, 1937 жылы құрылған. Оқыту ісі көпдеңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады:бакалавриат; магистратура; PhD докторантура Бакалавриат түлегі «филология бакалавры» академиялық деңгейі берілетін оқыған мамандығы бойынша квалификацияға ие болады. Факультетте екі бағыт бойынша магистрлер дайындалады:

1) Филология ( профиль бойынша). Ғылыми маманданулары: қазақ әдебиеті, әдебиет теориясы, фольклортану, салыстырмалы әдебиеттану, қазақ тілі, орыс тілі, тіл теориясы;

2) Лингвистика (профиль бойынша). Ғылыми маманданулары: қазақ тілі, орыс тілі, тіл теориясы Факультетте студенттерді негізгі мамандықтар бойынша оқыту ісі екі тілде жүргізіледі: шет тілдердің бірін біле отырып қазақ және орыс тілдерінде. Факультетте 190 оқытушы, ҚР ҰҒА 3 академигі, ЖМ ХҒА 3академигі, 4 ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткері, 1 Қазақстанның Халық жазушысы, 11 Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, 37 ғылым докторы, профессорлар; 74 ғылым кандидаты, доценттер қызмет етеді.

Факультетте 6 кафедра бар:

1. Қазақ тіл білімі кафедрасы;

2. Қазақ әдебиеті тарихы және әдебиет теориясы кафедрасы;

3. Орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасы;

4. Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы;

5.Аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы;

6. шет тілі кафедрасы;

Факультетте күрделі ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге қабілетті, біліктілігі жоғары мамандар тобы бар.Факультетте: 3 компьютер класы, 2 лингафон кабинеті, 1 Интранет класс, қазақ тілі кабинеті, ағылшын тілі кабинеті, аудиокласс, психолингвистикалық және әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер лабораториясы, қазақ фольклортануының оқу-зерттеу лабораториясы бар. Факультетте студенттік клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді.