Білдебаева Райхан Мәлікқызы

Білдебаева Райхан Мәлікқызы - Ботаника және экология кафедрасының доценті, б,ғ.к. 1947 жылы қаңтардың 1-де туған.

1971 жылы С.М.Киров атындағы Қазақтың Мемлекеттік университетін бітірген.

Экология және табиғатты қорғау, топырақтану саласында мол тәжірибенің иесі: 1

970-1973 жылдары КҒА Топыраұтану институтында лаборант,

1973-1976 жылдары М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде аспирантура;

1977-1990 жж Топырақтану институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер;

1988 жылдан қосымша әл-Фараби атындағы ҚҰУ доцент,

1995 жылдан доцент.

«Экология» мамандығы бойынша алғашқы типтік оқу жоспарларын әзірлеуге қатысқан, МББ Госстандартының авторының бірі «Экология және тұрақты даму», «Топырақтану» бойынша жалпы, ал «Экология» мамандығы бойынша

  • «Биоиндикациялық зерттеулердің әдісі»,
  • «Топырақ экологиясы»,
  • «Бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру» курстарын қазақша, орысша оқиды.

Осы курстар бойынша типтік бағдарламалардың әзірлеушісі болып табылады. Шығарған мамандары ғылыми-зерттеу мекемелерінде, өндірісте және бизнес салаларында жұмыс істейді. Оның ғылыми бағыты - қоршаған ортаның, топырақтың биомониторингі. Ол 100 аса материалдар жариялады, оның ішінде экология және топырақтанудан 7 оқу құралы, 1 оқулық. шығарды.