Полякова Светлана Евгеньевна


Полякова Светлана Евгеньевна

ҚазҰУ-нің метеорология және гидрология кафердасы меңгерушісінің орынбасары, география ғылымының кандидаты, доцент. 1995 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетін бітірді.

Типтік бағдарламаларының авторы, «Метеорология» және «Гидрометеорология» мамандықтарының жыл сайынғы ҚР Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарын дайындаушы. С.Е. Полякова «Оқу метеостанцисы» виртуалды зертханасын жасаған үшін ALMATY BOOK EXPO (29-30 мамыр 2014 ж.) Халықаралық кітап көрме-жәрменке аясында «Үздік электронды оқу құралы» Дипломмен марапатталған.

Республикасының БҒМ бюджетті бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс аясында ғылыми зертеулерді жүргізеді. 50-ден астам ғылыми еңбектердің, монографиялардың авторы, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар тәуекелі және табиғи мен техногенді қауіпсіздік Атласының, 3 оқу құралының, тест тапсырмалар жинағының авторласы.

«Талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиялар» (2006-2008 жж.) конкурсының стипендиаты, 2008-2009 оқу жылдарындағы «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік оқытушы» конкурсының женімпазы. Қазақстан Ұлттық география бірлестігінің мүшесі. «Evrasia Green» жас ғалымдар және студенттердің ғылыми зерттеу жобалары Халықаралық конкурсының Эксперті.

Ғылыми қызығушылықтары:

  • қауіпті табиғи құбылыстардың даму ерекшеліктерін зерттеу;
  • климаттың өзгеруі және оның зардабы;
  • жанартылатын энергия көздері.