Омаров Ғани Қалиханұлы


Омаров Ғани Қалиханұлы

Тарих, археология және этнология факультетінің археология, этнология және музеология

кафедрасының тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

1961 жылы 3 маусымда туылған. 1984 жылы Сәулет және құрылыс институтын, кейін ҚазМУ-дің тарих факультетін бітірген. 1997 жылы ҚазҰУ-дің асперантурасын бітірген. Археологиялық зерттеу әдістерін, теория және практикасын Омаров Ғ.Қ. белгілі археолог – т.ғ.к. А.М. Оразбаевтан үйренген.

1989 жылдан бастап Омаров Ғ.Қ. Шығыс Қазақстанның ежелгі көшпенділері мен қола дәуірінің ескерткіштерін зерттейтін археологиялық экспедицияларға қатысуда. Халықаралық экспедициялар құрамында жұмыс жасаған. Ресейлік ғалымдар және зерттеушілермен тығыз байланыста.

Бірнеше халықаралық конференцияларға қатысқан. Кандидаттық диссертациясын «Алтай-Тарбағатай өңірінің ерте темір ғасыры археологиялық ескерткіштері» атты тақырыпта қорғады.

Оқитын курстары: «Археология», «Қазақстан археологиясы», «Орталық Азия және Қазақстан архитектурасы», «Қазақстанның қола ғасыры», «Қазақстанның ерте темір ғасыры», «Археологиялық қазба жұмыстарының әдістемесі», «Қазақстанның ежелгі алтыны», «Қазақстанның петроглифтары», «Археология тарихы», «Сақ-скифтік археология» және т.б.