Көкеева Фатима Тұрарқызы


Көкеева Фатима Тұрарқызы

Тарих ғылымдарының докторы, халықаралық қатынастар

және әлемдік экономика кафедрасының профессоры

1994 жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қызмет атқарады. Халықаралық қатынастар мен ҚР-ның сыртқы саясат кафедрасының доценті болды. 2008 жылдан бері халықаралық қатынастар мен экономика кафедрасының профессоры қызметін атқарады.

Зерттеу аумағы: профессор Кукеева республикадағы жетекші америка танушы. Ғылыми қызығушылықтарының аумағы: АҚШ-тың сыртқы саясатының теориясы мен практикасы, трансатлантикалық серіктестік, АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты, қауіпсіздік мәселелері, қазіргі әлемдегі халықаралық ұйымдар.

Білімі: Ф.Т.Кукеева ҚазҰУ-нің тарих факультетін (арнайы бөлімі, ағылшын тіліндегі тарих) 1984 жлы бітірді.

1984-1986 жылдары стажер-зерттеуші болып ҚазҰУ-нің Тарх факультетінің жаңа тарих кафедрасында жұмыс істеді.

1986 жылы ҚазҰУ-нің «Жалпы тарих» мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі бөліміне түсті. 1990 жылы Ташкент Ұлттық Университетінде кандидаттық диссертациясын қорғады.

2004 жылы Ф.Т.Кукеева «трансатлантикалық серіктестік эколюциясы (АҚШ және ЕС)» докторлық диссертациясын 070015 мамандығы – халықаралық қатынастар тарихы және 07003 жалпы тарих бойынша қорғады.

Ұлттық және халықаралық жетістіктері: 2007 жылы Кукеева Тарих профессоры ғылыми атағын алды. 2007 жылы Кукеева «жылдың үздік ұстазы» болды. 2008 жылы Кукеева «Көрнекті ғалым» шәкіртақысы тағайындалды. Профессор Кукеева 2004 жылдан бері Халықаралық қатынастарды зерттеудің Американ Ассоциациясының (ISA) мүшесі болып тағайындалды.