Жаңабаев Зейнулла Жаңабайұлы


Жаңабаев Зейнулла Жаңабайұлы

1942 жылы 18 маусымда Жамбыл облысы Талас ауданы, Ойық ауылды мекенінде туған. Орта мектепті алтын белгіге бітіріп, 1959 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың физика факультетіне “Физика” мамандығы бойынша оқуға түсті. Университеті үздік бітіргеннен кейін ҚазМУ-да аспирантурада қалды. 1968 жылы профессор Исатаев С.И. жетекшілігімен экспериментальді аэродинамика және жылу физика бойынша диссертация қорғап, физика-математика ғылымдарының кандидаты атағын иеленді.

ҚазМУ-да 1981 жылдан бастап жұмыс істейді.1986 жылға дейін жалпы физика кафедрасының доценті болып, 1986 жылдан 1992 жылға дейін- физиканы оқытудың әдістері кафедрасының меңгерушісі қызметін, ал 1992 жылда-доцент, содан кейін жылу және молекулярлық физика кафедрасының профессоры қызметін, 2000 жылдан осы кезге дейін – бейсызық физика және электроника кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарып келеді.

1995 жылы «Жылу физикасы» мамандығы бойынша «Гидродинамикалық турбуленттіліктің бейсызық физикалық қасиеттері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Профессор ғылыми атағы 1996 жылы ЖАК шешімімен берілді.

Профессор З.Ж.Жаңабаев 300 ғылыми еңбектің, соңғы 5 жылда бейсызық физика және электроника, наноэлектроника, фракталдар физикасы, синергетика бойынша 200 –ден астам ғылыми мақаланың, 2 монографияның, 11 оқулықтың, 2 патенттің авторы.

Профессор З.Ж. Жаңабаевтың жетекшілігімен физика-математика, техника, педагогика ғылымдары бойынша 3 ғылым докторы, 3 философия докторы, 6 ғылым кандидаты дайындалды.