Ғабдуллин Маратбек Төлебергенұлы


Ғабдуллин Маратбек Төлебергенұлы

физика-математика ғылымының кандидаты, PhD 

2007 жылы 01.04.08 – плазма физикасы мамандығы бойынша «Тығыз квазиклассикалық жартылай иондалған плазманың құрылымдық және термодинамикалық қасиеттері» атты кандидаттық диссертациясын қорғады.

2009 жылы жоғары баллмен 01.04.08 – плазма физикасы мамандығы бойынша PhD-доктарантураны тәмәмдап, «Идеал емес плазманың термодинамикалық қасиеттері» тақырыбы бойынша диссертациясын қорғады.

2006 жылы ҚР ИСМ-нің «2006-2008 жж. әртүрлі мақсаттағы жаңа перспективті материалдарды жасау» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша эксперименталды және теоретикалық физика ҒЗИ-нің жобаларының кураторы болып тағайындалды.

2006-2010 жылдар аралығында эксперименталды және теоретикалық физика ҒЗИ-нің директорының орынбасары қызметін атқарды. 2010 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ге қарасты ашық түрдегі ұлттық нанотехнологиялық лабораториясының директоры қызметін атқаруда.

2009 жылы Габдуллин М.Т. Росток университетінде ғылыми тәжірибеден өтті (Росток қаласы, Германия).

2008 жылдан бастап көптеген халықаралық конференциялардың ұйымдастырушы және бағдарламалық комитетінің мүшесі болып келеді, соның ішінде «Физиканың замануи жетістіктері және іргелі физикалық білім беру», «Материалтану мен наноматериалдардың перспективті технологиялар, қондырғылар мен аналитикалық жүйелері», «Сарсембиев оқулары» және т.б.

2011-2012 жж., 2012-2013 жж., 2013-2014 жж. Қазақстанның жас дарынды ғалымдарына арналған стипендия иегері. 2009 жылы шетелдік жоғары импакт-факторлы ғылыми басылымда ғылыми жұмысы жарияланғаны үшін сертификатқа иемденді және 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің үздік ғылыми зерттеу жұмысы үшін дипломмен марапатталды.