Ақанбай Нұрсадық

10.12.1953 ж.т. М.В. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің (МГУ) механика-математика факультетін және МГУ-дің күндізгі аспирантурасын (1983-1986) бітірген. 01.01.05-"Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика" мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты (1987 ж., МГУ, Москва). Доцент (1992 ж.).).

МГУ-ді бітіргеннен кейінгі (МГУде аспирантурада оқыған уақытты есептемегенде) ғылыми-педагогикалық қызметі тек қана әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен байланысты - бұл жерде ол ассистенттен бастап деканның оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары (8 жылдан астам уақыт), кафедра меңгерушісі (8 жылға жуық уақыт) сатыларынан өтті. ҚазҰУдегі жалпы жұмыс өтілі -35жыл. Қазіргі уақытта механика-математика факультетінің Іргелі математика кафедрасының профессоры м.а.

160-тан астамғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы. Ғылыми қызығушылықтары кездейсоқ орталардың математикалық сұрақтарымен және жоғары мектепте ықтималдықтық цикл пәндерін оқытудың ғылыми-әдістемелік сұрақтарымен байланысты.25 -тен астамкітаптың, оның ішінде ҚР БҒМ бекіткен, ҚР БҒМ Республикалық Оқу-Әдістемелік Кеңесі (РОӘК) мақұлдап ұсынған оқулықтар мен оқу құралдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық Комиссия мақұлдаған математикадан қазақша -орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктердің, бірқатар электронды басылымдардың авторы. Ғылыми жетекшілігімен 3 кандидаттық және 60-тан астам магистрлік диссертациялар қорғалған.