«G-global» - диалогының жаңа форматын дамыту
«Халықаралық қатынастар» факультетімен бірге
Жоба 1
««G-global» - диалогының жаңа форматын дамыту Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын кеңейту шарты ретінде»
Мақсаты: гранттық қаржыландыру негізінде ғылыми жоба жасау.
Міндеттері:
Келесі бағыттар бойынша ғылыми зерттеу жүргізу:
1. «G-global» Концепциясын іске асырудың қазіргі жағдайын талдау және бағалау;
2. Сыртқы саяси, экономикалық және халықаралық-құқық бойынша кешенді шараларды жасау негізінде «G-global» Концепциясын дамыту және оны жетілдіру.
Қатысушылар:әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің және Қазақстандық және шетелдік ЖОО ғалымдары, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» ассоциациясы
Іске асыру мерзімі: 2013-2015 жж.
Күтілетін нәтижелер:«G-global» Концепциясын іске асырудың жаңа стратегиясының жобасын жасау.
Қаржыландыру көздері: ҚР БҒМ, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» ассоциациясы, жеке компаниялар.
Жоба 2
«Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан «G-global» интерактивті алаңының Аймақтық жастар өкілдігін құру»
Мақсаты: Халықаралық және аймақтық мәселелерді тиімді шешуді іздестіру үшін Алматы қаласындағы ЖОО қауымдастығын, докторанттарды, магистранттарды, студенттерді және студенттік ұйымдарды тарту арқылы «G-global» диалогтық алаңын дамытуға әсер ету.
Міндеттер:
1. «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» ассоциациясымен неғұрлым тығыз байланыстар орнату арқылы порталда онлайн пікірталас өткізуге жас ғалымдарды, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді тарту;
2. Конференциялар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, іскерлік ойындар, пікірталас клубтарын, жазғы мектептерді ұйымдастыру және өткізу.
Қатысушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласындағы ЖОО, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» ассоциациясы, Алматы қаласының әкімшілігі.
Іске асыру мерзімі: 2013 жылдан бастап тұрақты негізде.
Күтілетін нәтижелер: Алматы қаласында «G-global» Жастар орталығын құруға әсер ету.
Қаржыландыру көздері: Алматы қаласының әкімшілігі, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» ассоциациясы, жеке компаниялар
G-GLOBAL ПОРТАЛЫНЫҢ БАСТЫ БЕТІ