Оқу басылымдарына гриф беру тәртібі

Оқу басылымдарына ҚР БжҒМ/РОӘК ОӘС грифін беру тәртібі

  1. ҚР БжҒМ/РОӘК ОӘС грифі берілетін оқу басылымдарға жататындар:

- Оқулық;

- Оқу құралы.

  • · Оқулық – Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен, үлгілік оқу жоспарымен және оқу бағдарламасымен айқындалған пән бойынша білім мазмұнын жүйелі баяндаудан тұратын және оқу процесін ұйымдастырудың негізі болып табылатын кітап.
  • · Оқу құралы – оқулықты толықтыратын және/немесе ішінара алмастыратын оқу ақпаратынан тұратын, бағдарламалық материалавторлық түсіндірмеде таңдалып баяндалатын, бірақ пән немесе оқу жұмысының түрлері бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын көрсететін басылым.

ҚР БжҒМ/РОӘК ОӘС грифін алу үшін оқу басылымдарының сараптамадан өту тәртібі бойынша ОӘС-тің гриф беру немесе бермеу туралы шешімі негізінде жүзеге асырылады.

Оқу басылымдарына берілетін гриф тұжырымы:

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағыҚР БжҒМ жоғары және жоғары білім беруден кейінгі РОӘК гуманитарлық және жаратылыстану мамандықтары бойынша

оқу-әдістемелік секциясының грифімен ұсынылған

(20___ жыл __________ №__ Хаттама)

Гриф мәтіні кітаптың титул парағының екінші бетінде көрсетіледі. Автордың (авторлардың) немесе баспагер жағынан гриф мәтінін өзгертуге болмайды.

Қолжазба жұмысына гриф беруге ұзақ мерзім уақыты 2 айға дейін.

2. ОӘС-қа құжаттар тапсыру тәртібі:

ҚР БжҒМ/РОӘК ОӘС грифін алу туралы шешім үшін автор (авторлар) ОӘС басқаратын жоғары оқу орнының төрағасына (төрайым) келесі құжаттарды жібереді:

2.1. 6 баспа беттен кем емес (оќулыќ немесе оќу ќұралы үшін) және 20 баспа беттен аспайтын (оќулыќ үшін) қолжазба немесе дайын басылым.

  • · басылымға арналған ќолжазбалар А4 немесе А5 форматында ұсынылады.
  • · беттердің нөмірі 3-тен басталады (астының ортасынан немесе жанынан, жұп және тақ беттерді есепке алу, тақ бет – оң жақ, жұп бет – сол жақта (беттер саны рет-ретімен кезектесіп орналасу керек.))
  • · ќолжазба терілген шрифтімен сәйкес ќойылады.
  • · ќалдырылатын жолдары: жоғары, төменгі, оң және сол жаќтары – 2 см;
  • · тармаќаралыќ интервал – біркелкі;
  • · таќырыптары майлы шрифтпен беріледі, тараулар мен бөлімдері – бас әріппен;
  • · тараушалар мен параграфтары – кіші әріппен;
  • · табуляция (азат жол) 1 см (5 белгі) болуы ќажет;
  • · әр бөлімнің соңынан бақылау сұрақтар тізімін қосу (5-тен төмен болмауы керек) қажет;
  • · ұсынылған әдебиеттер тізімі оқулықтың немесе оқу құралының соңында беріледі 5 негізгі, 10 қосымша (түпдеректерді қоспағанда, әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтар үшін 5 жыл, техникалық және жаратылыстану мамандықтары үшін 10 жыл);
  • · оқулықтың немесе оқу құралының және әр тараудың тақырыбы монографиялы түрде болмау қажет.

А5 форматы үшін (148x210мм) негізгі болып 11 шрифт (орыс тілінде - Times New Roman, қазақ тілінде - Kz Times New Roman) қолданылуы керек. қазақ және орыс тілдерінде кестедегі мәтін, ескертулер, мазмұны, библиография, суреттердің астына жазу үшін 9-шы көмекші шрифт алынуы керек.

А4 форматы үшін (210x297 мм) негізгі шрифт (орыс тілінде - Times New Roman, ќазаќ тілінде - Kz Times New Roman) - 14; көмекші шрифт - орыс және ќазаќ тілдерінде - 12.

2.2. Жолдама хат (ОӘС жасаған үлгі бойынша) оќу басылымы туралы ќысќаша аќпарат мазмұны. Жоғары оқу орнының ректоры (проректоры) қол қойған жолдама хаттың соңғы азат жолында ҚР БжҒМ/РОӘК ОӘС грифін алу туралы сұраныс көрсетіледі (басқа жоғары оқу орындары үшін).

2.3. Көшірмелер (ОӘС жасаған үлгі бойынша) ҚР БжҒМ/РОӘК ОӘС грифін алу туралы өтініш жасалады.

кафедра отырысының хаттамасынан кеңейтілген үзінді;

факультеттің әдістемелік бюро отырысының хаттамасынан үзінді;

факультеттің Ғылыми кеңесі отырысының хаттамасынан кеңейтілген үзінді;

университеттің Ғылыми кеңесі отырысының хаттамасынан кеңейтілген үзінді (басқа жоғары оқу орындары үшін).

2.4. Оқу басылымына пікірлер:

- 1 ішкі және 3 сыртқы (оқулық үшін);

- 1 ішкі және 2 сыртқы (оқу құралы үшін).

Пікір мазмұнына ќойылатын талаптар:

Шығу жөніндегі мәліметтер:

  • · ќолжазбаның аты, жоспарланып отырған тираж саны (500 б.т.), шығарылатын жылы;
  • · автордың (авторлардың) аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы, жұмыс орны, ќызметі;
  • · мамандыќ шифрі көрсетілген МЖМБС атауы мен ќолжазба дайындаған пәннің атауы;
  • · ќолжазба мазмұны мен ќұрылымының бағалануы, ќолжазба мазмұнының МЖМБС мен мемлекеттік ќұрамдас бөліктеріне арналған оќу пәнінің типтік бағдарламасына арналған немесе үлгі ретіндегі таңдау бойынша алынатын пән бағдарламасына сәйкестігі;
  • · мазмұнның жаңалығы;
  • · ќазіргі заманғы ғылыми деңгейге сәйкес болуы (берілген бағыт бойынша);
  • · практикалыќ сұраќтардың ашылуы мен олардың өзектілігінің дәрежесі;
  • · материалдың әдістемелік деңгейі, білім беру технологиясына бейімділігі;
  • · оќу басылымының рәсімделуі мен мазмұнына ќойылатын педагогика-психологиялыќ талаптардың саќталу дәрежесі;
  • · гриф алудың ќажеттілігі (ќажетсіздігі);

Сарапшының аты-жөні; ќызметі, ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі (жұмыс орнының мекен-жайы, телефоны, электронды поштасының мекен-жайы көрсетіледі). Сарапшының ќолын жұмыс орны растайды.

Жоғарыдағы құжаттар пәнге сәйкес оқулық/оқу құралы құрастырылған оқу жұмыс жоспарымен толықтырылады..