Фараби әлемі - 2014


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 80 жылдығына арнап , Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде 2014 жылдың 8-11 сәуір аралығында «әл-Фараби әлемі » атты студенттердің Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты: студенттердің ғылыми-зерттеу және өзіндік танымдағы қызметтерін ынталандыру; шығармашылық қабілетке жол беру, дарынды студенттер мен жас мамандарды іріктеу және оларға қолдау көрсету; инттелектуалды әлеуетін арттыруға әсер ету, ғылыми мәселелерді шешуге деген қызығушылықтарын ояту.

8 сәуір 2014ж. конференцияның ашылуына 201 ауд. ЭжБЖМ-де пленарлық отырыста мынадай тақырыптар тыңдалды: Менеджмент мамандығының 3-курс докторанты Бимендеев Ж.А «ШОБ банкроттық механизмін қалыптастыру ҚР президентінің Қазақстан – 2050 Стратегиясын жүзеге асыру аясында»; «Қаржы» мамандығының 2-курс магистранты Альмамаедова Э.М. «Проблемы и пути повышения качества кредитного портфеля БВУ РК в условиях неопределенности»; «Қаржы» мамандығының 2-курс магистранты Ештайбеков Н.Ж. «Қазақстандағы биржа нарығының ақпараттық инфрақұрылымын дамытудың негізгі бағыттары»; «Экономика» мамандығының 3 курс студенті Даркенбаев А.Б. «Малый бизнес как фактор инновационного развития»; «Есеп және Аудит» мамандығының 3 курс студенті Абдраманова А. « Қазақстан компанияларына ынталандырушы қызмет жүйесін ендіру».

Конференция шегінде келесі секция бойынша мынадай жұмыстар өтті:

«Жасыл экономика» дамуының тиімділігі мен перспективалары, «Ұлттық инновациялық жүйенің қаржылық нәтижелілігін жетілдірудегі мәселелер», «Ұлттық экономиканы басқару жүйесіндегі инновациялық трендтер: Қазақстан және жаһандық трансформациялар», «ҚР-да бухгалтерлік есеп пен аудитті дамытуға инновациялық амалдар».

Конференцияның қорытындысы төрт секция бойынша орындар келесі студенттерге берілді: Сарсенова А.,Ештайбеков Н., Абдраманова А.

Конференцияға қатысқаны үшін жүлделі орындарға студенттер келесі номинация бойынша:баяндаманың инновациялығына қарай,мәселені зерттеудегі қолданбалық ерекшелігіне қарай,сұрақ тудырған мәселелердің толық әрі сауаттылығына,зерттеу деңгейінің жоғарылығына,ой-өрістің кәсіби және білгірлігіне,тақырыптың мазмұны толықтай ашып көрсеткеніне қарай мадақтау грамоталарын алды.