Жұмалипов Айдар Рахметұлы


Жумалипов Айдар Рахметұлы

Деканның оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы

А.Р. Жумалипов 2000ж. Қазақ Ұлттық университетінің география факультетін «Метеорология» (бакалавриат) мамандығы бойынша, ал 2003ж. жалпыуниверситеттік магистратураны бітірді.

А.Р. Жумалипов бакалавриатта оқып жүрген кезінде үлкен еңбексүйгіштік танытып, үшінші курстың өзінде-ақ таңдаулы студенттер қатарында болды. 2002-2003 жылдары жалпыуниверситеттік магистратурада оқи жүріп, 0,5 жүктемеде кафедра маманы болып қызмет істеді, өзін тек жақсы жағынан ғана көрсете білді.

Метеорология кафедрасының мәжілісінде А.Р. Жумалиповты кафедрада оқытушы қызметін атқару үшін ұсыныс шешім қабылданып, 2003 жылдан бастап метеорология кафедрасының оқытушысы ретінде, ал 2004 жылдан бастап осы уақытқа дейін аға оқытушысы болып қызмет атқаруда. Ол келесі пәндер бойынша «Аэрология», «Радиометеорология», «Авиациялық метеорология» және т.б. дәріс оқиды, «Аэрология» курсы бойынша негіздік білім тексеруге арналған тест сұрақтарын жасады. Кафедра бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетекшісі болып істеді. 2007-2009, 2011 жылдары деканның тәрбие жұмысы жөніндегі, 2011-2012 оқу жылында География және табиғатты пайдалану факультеті деканның оқу әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін аса жауапкершілікпен атқарды..

А.Р. Жумалиповтың метеорология саласында білімін тереңдетуге деген ынтасы зор, ғылыми жұмыспен айналысуда.

А.Р. Жумалипов бірқалыпты салмақты мінезімен, тиянақтылығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленеді. Қазақ тілі мен орыс тілін өте жетік меңгереді. Қызметкерлер мен студенттер арасында үлкен абыройға ие.

Негізгі басылымдары:

  1. Жумалипов А.Р. Оценка загрязненности тяжелыми металлами снежного покрова на территории Северного Казахстана. // Материалы Международной практической конференции “VI Жандаевские чтения”. – Алматы: Қазақ университеті, 2011.
  2. Жумалипов А.Р. О средних годовых концентрациях загрязняющих веществ в осадках над северной частью Казахстана. // Материалы международной научно-практической конференции «Современные проблемы экологии и устойчивое развитие общества» (СПЭУРО).