Шаралар


«Қазақстан тілдері күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тілдер» фестивалі факультет деңгейінде өткізілді:

Тілдер мерекесіне байланысты

«Қаржы» кафедрасы – «Анан тілің-арың бұл» тақырыбында ана тілімізді құрметтеуге бағытталған ашық кураторлық сағат; «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбында ашық кураторлық сағатты


«Есеп және аудит» кафедрасы – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Темірхан Медетбековпен кездесіп, поэзия кешін ұйымдастырды.


«Менеджмент және маркетинг» кафедрасы – «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты мерекелік кеш, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбында 1 курс студенттері арасында қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы және қазақ салт-дәстүрлері білімдерінен зияткерлік сайыс ұйымдастырылды.


«Айналаңды нұрландыр» жобасының орындалуы бойынша:
«Қаржы» кафедрасы – Кукиев А.Д., Өсербайұлы С., Супугалиева Г.И.. Алматы қаласы №2 Балалар үйіне ; Хамзаева А.В., "Надежда" балалар үйіне қайырымдылық шара өткізілді.
«Есеп және аудит» кафедрасы – эдвайзер Арыстамбаева А.З. Алматы қаласы №2 Балалар үйіне қайырымдылық шарасын өткізді
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасы – э.ғ.к., доцент Өтепберген К.Е ашық сабағын өткізді.

«100 кітап» жобасының орындалуы бойынша:
«Қаржы» кафедрасы –Өсербайұлы С., Супугалиева Г.И Значение: "М.Мақатаев шығармаларын талқылау, " Керімбекова Н.Н «Өркениеттің адасуы» - М.Шахановтың кітабы бойынша ашық сабақ , Кукиев А.Д. «Дала саңлақтары» тақырыбында қазақ даласының ұлы тұлғалары жайлы ашық кураторлық сағат, Жорабаева Ж.Қ. «Абайдың қара сөздері мен таңдаулы шығармалары» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.

«Есеп және аудит» кафедрасы – Жунисова Г.Е кураторлық сағатта "Абай жолы" романы талқыланды
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасы – “100 кітап” тақырыбынды э.ғ.к. доцент Джумамбаев С.К. ашық сабақ өткізді.; «Кітап маған тақтан да қымбат» оқытушы Аликбаева А.Б. ашық сабақ өткізді.