Ақпарат

Орталық Азиядағы әл-Фараби – Карнеги орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги Фондының қатысуымен 2011 жылы құрылды.

Орталық негізгі мақсаттары:

аймақтық және халықаралық қауіпсіздік, таратпау саясаты, аймақтық экономика мен сауда, экология, энергетика салалары бойынша саяси институттар, бизнес көсбасшылары, Қазақстан, Орталық Азия үкіметтері мен әлемдік қауымдастық арасындағы ашық диалог орнатуға ықпал жасау. Онымен қоса, орталық Орталық Азиядағы мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді халықаралық қауымдастықтың жіті түсінуіне барын салады.

Қызметінің бағыттары:

Ауған бағыты: Вашингтонда орналасқан Оңтүстік Азия бойынша бағдарлама және Карнеги Қорының Ауғанстанға қатысты Еуроатлантикалық бастамасының шеңберінде әл-Фараби – Карнеги орталығының ғалымдары Ауғанстандағы оқиғаларға байланысты жаңа ойлар қалыптастырып, орталық азиялық көзқарасты конференцияларда, кездесулерде және басылымдар арқылы жариялай алады.

Дін, қауіпсіздік және этникалық шыдамдылық: Орталықтың ғылыми қызметінің шеңберінде діни, этникалық және өзге де әлеуметтік-мәдени факторларды ескере отырып амақтық даму мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіледі. Ислам дінінің рөліне, ұлтшылдық мәселесіне, саяси және экономикалық зиялы топтардың қаулыптасуына, сонымен бірге Қазақстандағы діни және этникалық шыдамдылық дәстүріне ерекше көңіл бөлінеді.

Аймақтық экономика және Орталық Азиядағы халықаралық сауда: Вашингтондағы Халықаралық экономикалық бағдарлама мен ТАяу Шығыстағы Карнеги Орталығымен әріптестік шеңберінде көлік, байланыс, еңбек миграциясы және халықаралық сауда мәселелеріне көңіл бөле отырып, сарапшылар Орталық Азияның экономикалық дамуының аймақтық аспектілеріне талдау жасайды.

Ядролық саясат: ядролық саладағы Карнеги Қорының бағдарламасымен тығыз байланыс орната отырып Орталықтың ғалымдары атомдық, ядролық қаруды таратпау, қауіпсіздік және қарусыздану салаларында эксперттік көзқарастарын білдіреді.

Энергетика және ауа-райының өзгеруі: Орталықтың қызметі шеңберінде энергетика, экология және саяси үнемдеу, энергетикалық және ауа-райы проблемаларының тиімді шешімдерін іздеу бағыттарында бірлесіп жұмыс жасау үшін орталық азиялық мамандар мен Вашингтон, Пекин қалаларындағы әріптестерімен баланысты дамыту көзделуде.

Орталық Азия мен одан тыс жерлердегі аймақтық қатынастар: Ресей және Еуразия жөніндегі Вашингтон бағдарламасындағы әріптестерімен байланыс шеңберінде Орталықтың мамандары Орталық Азиядағы аймақтық және халықаралық әріптестікті дамыту мақсатында саясаткерлер мен танымал ғалымдардың басын біріктіруді көздейді.

Қазақстанның экономикалық саясаты: Орталықтың ғалымдары макроэкономикалық өзгерістер, сауда, шикі тауарлар мен капитал ағымын қадағалай отырып, Қазақстан экономикасының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді даму үдерістерін бақылап отырады.

Әл-Фараби – Карнеги Орталығы қызметінің алғашқы жылы Қазақстан Республикасы тәелсіздігінің 20 жылдыған, мемлекеттің жетістіктері мен жаңа қиындықтарына арналады.

Орталықтың жоспарында Ислам мен оның қоғамға әсерін, еңбек миграциясын зерттеумен айналысатын жобалар жасау бар. Оған қоса, бизнес өкілдері мен мемлекеттік құрылымдарға да ортақ қызығушылық танытатын экологиялық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарын белгілеу, жемқорлыққа қарсы күрес және аймақтағы ашықтықты күшейт сынды тақырыптарға арналған семинарлар өткізу орталықтың басым бағыттарының бірі деп саналады. Аймақтық сипаттағы даулы мәселелерге қатысты резолюция қабылдау кезіндегі сенімді арттыру жөнінде екіжақты келіссөздерді бастау көзделуде. Орталық ауған мәселесі, қалпына келетін энергия көздері, шекаралық аймақтардағы транспорт және байланысты дамыту жөнінде аймақтық конференция ұйымдастыруды көздейді.

Орналасқан жері

Әл‑Фараби Карнеги Орталығының штаб пәтері әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде орналасқан. Орталық Астанамен тығыз қарым‑қатынастарын сақтап, және Қазақстанның өзге де өңірлерінде түрлі іс‑шараларды өткізумен айналысатын болады. Орталық Астанада бизнес пен мемлекет арасындағы қатынасты дамытуға арналған бірқатар семинарлар мен пікірталастар өткізеді. Осының негізінде кіші және орта жастағы саясаткерлер мен бизнесмендерге аса ден қойылатын болады. Танымал сарапшылар лауазымды үкіметтік шенеуніктермен және бизнес көшбасшыларымен кездеседі.

Аталған Орталық Қазақстан Республикасы өңірлерінің қажеттіліктері мен басымдылықтарына негізделіп ұйымдастырылатын бірқатар семинарлар мен конференциялар өткізуді жоспарлап отыр. Жоспарланған іс‑шаралар Ақтау және Атырау қалаларындағы транспорт және инфрақұрылым мәселелеріне қатысты кездесулерді қамтиды.

Орталық өзінің қызметі аясында трансшекаралық ынтымақтастықты нығайту және бірегей бағдарламаларды дамыту мақсатында, Орталық Азияның ғылыми‑зерттеулік институттарымен тығыз әріптестік қатынастарды орнатуға ұмтылатын болады.

Білімдік құрауыш

Орталық Алматы қаласы өкілдігінің кеңсесінде тағылымдылықтан өтуге, сонымен қатар Колумбия округі, Вашингтон қ. Карнеги Қорының штаб‑пәтерінде алты айлық тағылымдылықтан өтуге мүмкіндік береді.

Қаржыландыру

Орталық Азия бойынша әл‑Фараби Карнеги Орталығының қаржыландыру көздері болып жеке және корпоративті көмектердің қаржылары, қорлардың гранттары және әл‑Фараби атындағы ҚазҰУ мен Карнеги Қорының салымдары табылады.

Бірлескен директорлар

Кукеева Фатима Тұрарқызы

Әл‑Фараби атындағы ҚазҰУ‑дің халықаралық қатынастар факультетінің пофессоры, халықаралық қатынастар мен қауіпсіздік саласының маманы. Ғылыми қызығушылықтарының негізгі салалары: трансатлантикалық әріптестік мәселелері, АҚШ сыртқы саясатының теориялары мен тәжірибелері, демократия және геополитика. Еуроатлантикалық қатынастардың проблемалары, Орталық Азиядағы АҚШ саясаты, АҚШ сыртқы саясаты және жалпы халықаралық қатынастардың мәселелеріне қатысты екі монография мен бірқатар ғылыми мақалалардың авторы. Сондай‑ақ, профессор Кукеева 2004 жылы Қазақстанда американдық зерттеулерді дамыту үшін ашылған әл‑Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы американдық және демократиялық зерттеулердің Ресурстық орталығына жетекшілік етеді. Ол «Жылдың үздік оқытушысы» (2007) грантының иегері және «Көрнеті ғалым» (2008) атағымен марапатталған.

Марта Брилл Олкотт

Колумбия округі, Вашингтон қаласында орналасқан Карнеги Қорының Ресей және Еуразия бағдарламасының басты ғылыми қызметкері. Марта Олкотт орталық‑азиаттық аймақ пен Кавказдың трансформациясы мәселелеріне, сонымен қатар жалпы Каспий өңіріндегі қауіпсіздік мәселелеріне маманданған. Доктор Олкотт Ресей мен бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттеріндегі ұлтаралық қатынастардың түрлі аспектілерін 25 жылдан аса уақыт зерттеп келеді. Ол посткеңестік кеңістік және Оңтүстік Азияда көп саяхаттайды. Марта Олкотт «In the Whirlwind of Jihad», «Tajikistan’s Difficult Development Path» атты бірқатар жаңа кітаптарды басып шығаруды жоспарлап отыр. Бұл кітаптарда Өзбекстандағы мемлекет және исламның рөлі жөніндегі мәселелер көтеріліп, 1997 жылы азаматтық соғыстан кейінгі Тәжікстан соқтығысқан қауіптер мен үнқатулардың дамуы сарапталанатын болады.

Карнеги Қоры жөнінде

Халықаралық Бейбітшілікті көздейтін Карнеги Қоры жеке, коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор халықаралық қауымның белсенді қатысуы және Америка Құрама Штаттарының көмегі арқылы халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтумен айналысады. Карнеги Қорының сарапшылары қаруларды таратпау, жаһандық қауіпсіздік пен лаңкестік, Ресей, Еуразия, Қытай және Таяу шығыстағы оқиғалар, халықаралық экономика, ауа‑райының өзгеруі мен энергияны тұтыну, және өсіп келе жатқан мемлекеттер мен мемлекеттік емес акторлар әсерінің өсуі сынды мәселелермен қатар, өзге де ауқымды мәселелерді қарастырады.

1910 жылы негізі қаланған Карнеги Қоры әлемдегі алғашқы жаһандық ми орталығы болып табылады. Оның кеңселері Вашингтон, Мәскеу, Пекин, Бейрут және Ьруссельде орналасқан. Бұл бес орын халықаралық әлем мен экономикалық дамуды құрудың таяу мүмкіндіктерін анықтауға арналған әлемдік басқарудың орталықтарын қамтиды.