Кезекті ғылыми кеңес

06.03.2023

Көрулер: 704

    6-наурызда факультеттің кезекті кеңейтілген  ғылыми кеңес мәжілісі болып өтті. Ғылыми кеңес төрағасы, факультет деканы Суатай Сәбит Құрманжанұлы мәжілістегі күн тәртібіндегі жоспар бойынша  атқарылған  және жоспарланған жұмыстар жөнінде  шолу жасады.       Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Ғылыми кеңесінің жоспарына сәйкес, ағымдағы оқу  жылындағы "Әл-Фараби әлемі" атты студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясына дайындық және бірқатар оқу-тәрбие бойынша жасалынатын іс-шаралар жөнінде ғылыми кеңес мүшелері тарапынан кеңінен талқыланды. Жоғарыда аталған жұмыстардың сәтті жүзеге асуына, факультетті өркендету, дамыту үшін әрбір атқарылатын іс-шара, жұмыстарға факультет деканы С.Қ.Суатай баса назар аударатынын атап өтті. Мәжіліс барысында ғылыми кеңес төрағасы тарапынан құрылым басшыларына арнайы тапсырмалар жүктеліп, келесі ғылыми кеңес отырысында факультеттің даму жоспарына сәйкес жүзеге асатын жұмыстар жөнінде баяндау тапсырылды.   Сондай-ақ, факультетіміздің өркендеуі жолында еселі еңбек  атқарып келе жатқан әйелдер қауымы оқытушы-профессорлар құрамын декан арнайы Алғыс хатпен марапаттады.