Колледжге жаңа басшы

02.03.2023

Көрулер: 945

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, ф.ғ.к., профессор Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының шешімімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Колледжіне директор лауазымына медицина ғылымдарының кандидаты Еркебай Райхан Аманкелдіқызы тағайындалды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің жаңа директорын Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы Суатай Сәбит Құрманжанұлы факультет ұжымына  таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.  Райхан Аманкелдіқызына жаңа қызметіне құтты болсын айта отырып, біздің ұжымға қош келдіңіз дейміз!