Факультеттегі "Фараби әлемі" конференциясы

08.04.2023

Көрулер: 775

        Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтуде. Аталған ғылыми іс-шара аясында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде 2023 жылдың 6-8 сәуір аралығында дәстүрлі  «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті.  Конференцияның салтанатты ашылу рәсіміне факультет деканы, филол.ғ.к., қауымдастырылған профессор, ұйымдастыру комитетінің төрағасы С.Қ.Суатай, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері және ОПҚ, шетелдік тыңдаушылар мен студенттер қатысты.  Екі күнге жалғасқан ғылыми конференцияда бірнеше ғылыми бағыттарды қамтыған 11 секция жұмыс істеді. Ғылыми конференция барысында зерттеу  әдістері, тақырыптың ғылымилығы жоғары және үздік презентациялары бар   факультетіміздің тыңдаушылары Дина Бағланбектің «TRADITIONAL KAZAKH MEDICINE - FLAVONOID DIOSMETIN ISOLATED FROM DRACOCEPHALUM PEREGRINUM L», Шадкам Аниа мен Мохаммад Иса Хананның «COMPARISON OF AIR POLLUTION IN TEHRAN, RIYADH AND ALMATY»,  Эбина Мисакидің «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫ» атты жобалары  үздік орындардан көрінді. Конференцияға қатысушылардың ғылыми тұжырымдары жоғары бағаланып,  үздік ғылыми жобалар I, II, III-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.