Стипендиялық бағдарлама

31.03.2023

Көрулер: 1482

Құрметті талапкерлер!
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі шетел азаматтарын, оның ішінде ҚР азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын бакалавриат, магистратура мен PhD білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарында білім алуға шақырады.
Грант саны:
- Бакалавриат – 490
- Магистратура – 50
- PhD докторантура – 10 орын берілуде
Стипендиялық бағдарламаға кім өтініш бере алады:
- Шетел азаматтары
- Шетел азаматтары – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ үміткерлер
Стипендия қамтиды:
- Тегін білім беріледі
- Ай сайынғы стипендия төленеді
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2023 жылғы 30 наурыздан 30 маусымға дейін жалғасады
Стипендиялық бағдарламаға қалай өтініш беруге болады:
Онлайн Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығының веб-порталы (веб-сайты) арқылы тапсырасыз
Өтініш беруші қандай құжаттарды ұсынады?
Құжаттар тізімін Орталықтың сайтынан табуға болады
Құжаттарды қабылдау тәртібі қандай?
1. Құжаттарды Оператордың сайты арқылы тапсыру;
2. Оператордың құжаттарды тексеруі. Құжаттар барлық талаптарға сай болған жағдайда, өтініш беруші көрсеткен поштаға онлайн тестілеуге сілтеме жіберіледі;
3. Бейімделу потенциалын анықтау үшін онлайн тестілеу. Онлайн тестілеуден сәтті өткендер онлайн сұхбатқа шақыру хатын алады;
4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Оператордың және жоғары оқу орындарының өкілдерімен онлайн сұхбат;
5. Ағымдағы жылдың 28 тамызына дейін Стипендиялық бағдарламасы бойынша конкурстың нәтижелерін жариялау.
Барлық сұрақтар бойынша:
Тел.: +7 (7172) 28 75 26, 28 75 31, +77478272237
E-mail: admission@n-k.kz