"Политолог" студенттiк клуб

«Политолог» студенттік пікірталас клубы



Саясаттану бөлімінде кәсіби дайындық білім беру мен студенттердің студенттік дискуссиялық «ПОЛИТОЛОГ» клубындағы қызметтерінің интеграциясы арқылы қалыптасады.

«Политолог» - кәсіби бағыттағы студенттік бірлестік:

- студенттерді болашақ мамандыққа баулиды;

- олардың оқуға деген қызығушылығын арттырады;

- коммуникативті қабілеттерін дамытады;

- алдына қойылған мақсаттарды орындау барысындағы жауапкершілікке тәрбиелейді;

- ұйымдастырушылық және шешендік қасиеттерді қалыптастырады;

- жалпы кәсіби дайындық жасайды.

Клуб жетекшісі, философия және саясаттану факультетінің

саясаттану кафедрасы доценті

Саитова Нина Алексеевна



Клубтың төрағасы, «6М050200-Саясаттану» мамандығының 2 курс магистранты

Беркутова Екатерина

Клубтың төрағасы, «6М050200-Саясаттану» мамандығының 2 курс магистранты

Басығариева Жұлдыз

Клуб мақсаты: студенттердің азаматтық сана-сезімін арттыру, саясат саласында сараптаушылық қабілеттерді дамыту, оқу материалдарын терең оқыту.

Клуб келесідей міндеттерді орындайды:

  • қазақстандық және халықаралық саяси өмір, халықаралық қатынастар мен жаһандық даму проблемаларын талқылау;
  • сарапшы, талдаушы, кеңесші ретінде белгілі саясаткерлер, қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлер, атақты саясаттанушылармен кездесу;
  • студенттердің дүниетанымын кеңейту;
  • кәсіби білім қорын толтыру, талдау қабілетін дамыту, қоршаған шындыққа сынмен қарай білу, болып жатқан оқиғаларға өз бағасын беру;
  • диалог жүргізу өнерін үйрену;
  • лидерлік қасиеттерді дамыту, шешендік өнерді арттыру;
  • жалпы саяси мәдениетті дамыту.
  • в целом повышение политической культуры.

«ПОЛИТОЛОГ» клубының дискуссиялық алаңында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы талқыланады, оның негізгі мәселелері: елдің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, экономиканың, өнеркәсіптің, әлеуметтік саланың модернизациясы, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту салаларын дамыту, тұрғын үй шаруашылығын модернизациялауға бағыт алу, жастар ядросыз әлем үшін және т.б. студенттердің талдамалық баяндамаларында көрініс табады.

Клуб мүшелері Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресейлік мемлекеттік қызметкерлер академиясы профессоры, РФ Ұлттық саясаттанушылар одағы Президенті Н.П. Медведьевтің «Шет елдің саяси жүйесі» дәрісін тыңдады.

Клуб қонақтарының – сарапшылардың тақырыптар презентациясы:

  • аналитикалық орталықтарда ақпараттармен жұмыс жасау әдісі
  • саяси аналитика мен болжамның тәсілдері
  • «Этносаралық шиеленісушілік индексі» тақырыбындағы Саяси шешім қабылдау институтының жобалары
  • өз жеке талдамалық зерттеу нәтижесі бар кітаптар

Клуб жұмыс берушілермен белсенді ынтымақтастық орнатады. Олар:

- «Альтернатива» өзекті зерттеулер Орталығының директоры, саяси ғ.к. Чеботарев А.Е. - «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспары».

- Тәуекелді бағалау Тобының директоры, саяси ғ.к. Д.А.Сатпаев - «Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмге қарсы әрекеттер»

- «Эксклюзив» журналының бас редакторы саясаттанушы Расул Жумалы

- Қазақстандық гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы директоры, саяси ғ.д. Алияров Е.

Клуб қонақтары Қазақстан халықтар Ассамблеясының этномәдени орталықтары жетекшілері

Клуб қонағы белгілі қазақстандық саясаткер Ерлан Карин.

Ерлан Кариннің лидерлік лекциясы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіптер мен қатерлер».

Клуб мүшелері экономика кафедрасы мамандары - профессор Дуламбаева Р.Т. және доцент Сидоренко Е.Н., сондай-ақ ЭБЖМ студенттерімен бірге Қазақстан Республикасының жедел индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы мәселелерін талқылады.

Клуб дәстүрінде «Не? Қайда? Қашан? саясатта» турнирін өткізу бар.

Брейн-ринг

Акция «100 кітап»

Сочидағы ХХІІ қысқы Олимпиадалық ойынындағы Қазақстанның Олимпиадалық құрамасын қолдау мақсатындағы акция

Клубтың ұйымдастырушылық комитетінің алдағы жоспарында:

-клуб мәжілісіне басқа жоғары оқу орындарынан саясаттанушы студенттерді шақыру;

- оқытушылар және ғылыми ұйым қызметкерлерімен ғылыми семинарлар мен конференцияларға қатысу;

- мемлекеттік билік органдары, саяси партиялар мен қозғалыстарға бару.