5В030100 – ҚҰҚЫҚТАНУ

5В030100 – ҚҰҚЫҚТАНУ

НЕГІЗГІ МОДУЛЬДЕР

TSL 1001 Мемлекет және құқық теориясы. 3 кредит.

TSL 1002 Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. 3 кредит.

CNSL 1001 Конституциялық құқық. 3 кредит.

CNSL 1002 Әкімшілік құқық. 3 кредит.

CVLL 2001 Азаматтық құқық. 3 кредит.

CRML 2001 Қылмыстық құқық. 3 кредит.

ECOL 2001 Жер құқығы. 3 кредит.

LBRL 2001 Еңбек құқығы. 3 кредит.

LBRL 3002 Азаматтық іс жүргізу құқығы. 3 кредит.

JUS 3001 Қылмыстық іс жүргізу құқығы. 3 кредит.

FRNE 3001 Криминалистика. 3 кредит.

ECOL 3007 Экологиялық құқық. 3 кредит.

FNSL 3001 Қаржылық құқық. 3 кредит.

ЭЛЕКТИВТІ МОДУЛЬДЕР

TSL 2003 ҚР Мемлекет және құқық тарихы.

3 кредит. Пререквизиттер: TSL 1001.

ҚР Мемлекет және құқық тарихы курсының мақсаты – ежелден бастап күні бүгінгі уақытқа дейінгі аралықта Қазақстан аумағында мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен даму ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Оқыту барысында әр түрлі тарихи кезеңдерде мемлекеттің қызмет етуі барысында адамның құқықтық жағдайын реттейтін заңнамалар туралы білім алу көзделеді.

TSL 2004 Мұсылман құқығы.

3 кредит. Пререквизиттер: TSL 1001.

Курстың мақсаты – осы заманның ерекше құқықтық жүйесі ретіндегі мұсылман құқығының ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Курстың шеңберінде осы заманның заңгеріне іс жүзінде қажетті болатын мұсылман отбасы, азаматтық, қылмыстық, қаржылық, банкілік құқықтарымен танысу көзделеді.

TSL 2005 Құқықтық және саяси ілімдер тарихы.

3 кредит. Пререквизиттер: TSL 1001.

Құқықтық және саяси ілімдер тарихы курсының мақсаты – мемлекет пен құқыққа қатысты ежелгі және осы заманның белгілі ойшылдарының көзқарастарын, идеяларын, тұжырымдарын зерттеу болып табылады. Бұл білімдер кәсіби заң түйіндерін қалыптастыру үшін, осы заманның саяси-құқықтық үрдістерін және оның болашақта дамуын бағалау үшін қажет.

TSL 2006 Құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие.

3 кредит. Пререквизиттер: TSL 1001.

Құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие курсының мақсаты – қазіргі қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін зерттеу, ҚР-дағы және шет елдердегі құқықтық тәрбие үрдісін талдау, құқықтық немқұрайлықты және онымен күресу жолдарын зерттеу болып табылады. Осының нәтижесінде болашақ заңгерлердің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениеті қалыптасады.

CNSL 2003 Шетелдердің конституциялық құқығы.

3 кредит. Пререквизиттер: CNSL 1001.

Шет елдердің конституциялық құқығы шет елдердің конституциялық құрылысының негіздерін, жеке адамдардың құқықтық мәртебесінің негіздерін, шет елдердегі мемлекеттік тетік пен жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуы мен қызметінің негіздерін, негізгі элементтерін сипаттайтын қоғамдық қатынастар табылады. Тиісті оқу тәртібі элементтерінің түрлі аймақтарының жалпы тенденциялары мен ерекшеліктерін көрсете отырып түрлі мемлекеттердегі мемлекеттік және конституциялық құрылыстың ерекшеліктерін оқытады.

CNSL 2004 Ақпараттық құқық.

3 кредит. Пререквизиттер: CNSL 1002.

Ақпараттық құқықтың пәні болып ақпаратты өңдеу процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар табылады. Бұл оқу тәртібі ашық және жабық ақпараттарды жасау, сақтау, қорғау, беру және пайданлану процесін құқытық реттеу өзгешелігін оқиды. Тиісті тәртіпті оқу процесінде түрлі ақпараттық жүйелерді жасаушылардың және пайдаланушылардың құқықтық мәртебесін реттеу өзгешеліктері қарастырылады.

CNSL 2005 Муниципалдық құқық.

3 кредит. Пререквизиттер: CNSL 1001.

Муниципалдық құқық Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару негіздерін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін құрайтын өзге институттарды, оның аумақтық, экономикалық, қаржылық негіздерін сипаттайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Муниципалдық құқық тәртібінің ержелерін меңгеру біліктілігі жоғары заңгер – мамандарды даярлау кезінде аса маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

CNSL 2006 Әкімшілік жауаптылық.

3 кредит. Пререквизиттер: CNSL 1002.

Әкімшілік жауапкершіліктің оқыту пәні болып Қазақстан Республикасының тиісті Кодекстерінде көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылықтарды жасағаны үшін жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік өндірістің теоретикалық және практикалық негіздері оқытылады. Тиісті оқу тәртібін оқыту барысында әкімшілік мәжбүрлеудің мемлекеттік шараларын қолданудың құқықтық негіздері қарастырылады.

CNSL 2003 Foreign states constitutional law.

3 credits. Prerequisites: CNSL 1001.

The constitutional law of foreign countries studying public relations, describing the basics of the constitutional system, the foundations of the legal status of individuals, foundations and organizations of the main elements of the state machinery and local governments in foreign countries. In addition, this discipline is considering the specifics and peculiarities of public and constitutional development in different countries, highlighting common trends and characteristics of different regions of the world.

CNSL 2004 Informational law.

3 credits. Prerequisites: CNSL 1002.

Information law is studying the specifics of the legal regulation of the process of creating, sharing, storage, protection, transfer and use of open and closed information. In the process, the specifics of the discipline studied the regulation of the legal status of the creators, owners and users of various information systems, both in Kazakhstan and in other countries.

CRML 2002 Қылмыстық атқару құқығы.

3 кредит. Пререквизиттер: CRML 2001.

Қылмыстық атқару құқығы – жазаның барлық түрлерін атқаруға байланысты, түзеу арқылы әсер ететін қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Курс шеңберінде қылмыстық атқару құқығының ұғымы, мазмұны, қылмыстық атқару құқығы нормаларының түрлері және құрылымы, сондай ақ қылмыстық атқару құқығының қайнар көздері ашылады. ҚР Қылмыстық атқару кодексі бойынша сотталушылардың құқықтық жағдайының сипаттамасы, сотталушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері, қылмыстық жазаны атқаратын мемлекеттік мекемелер мен органдардың түрлерінің сипаттамасы беріледі.

CRML 2003 Қылмыстың алдын алу.

3 кредит. Пререквизиттер: CRML 2001.

Қылмыстың алдын алу. Курстың мақсаты – студенттерді қылмыстың алдын алу негіздерімен таныстыру және қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың кәсіби алдын алу дағдыларына үйрету. Курстың міндеті: студенттерге мемлекеттік органдардың алдын алу қызметін жүзеге асыру бойынша неғұрлым өзекті, негізгі мәселелері және қылмыстылықтың алдын алу тәжірибесі туралы білім беру; қылмыстылықтың алдын алудың негізгі бағыттарымен және олармен күресті жоспарлау және болжам жасау мәселелерімен таныстыру.

CRML 2004 Қылмысты саралаудың негізі.

3 кредит. Пререквизиттер: CRML 2001.

Қылмысты саралаудың негізі. Курс шеңберінде қылмысты саралаудың негізгі теориялық ережелері, түсінігі және қылмысты саралаудың маңыздылығы ашылады, қылмысты саралаудың жалпы қылмыстық ережелері оқытылады, сонымен қатар қылмысты саралаудың арнайы ережелеріне көңіл бөлінеді.

CRML 2005 Криминология.

3 кредит. Пререквизиттер: CRML 2001.

Криминология. Курс шеңберінде криминология теориясы қылмыстылық, оның себептері, қылмыс жасаған тұлғалар, қылмыстылықтың алдын алу жүйесі туралы ғылым ретінде оқытылады және қылмыстылықтың әр түрлі нысандарының сипаттамасы мен алдын алу шаралары қарастырылады. Курстың мақсаты – студенттерде қылмыстылық туралы ғылыми негізделген көзқарасты қалыптастыру, қылмыстылыққа әсер етудің қазіргі заман стратегиясына сай біліммен қаруландыру.

CRML 2004 Basics of qualification a crime.

3 credits. Prerequisites: CRML 2001.

Qualification of crimes is one of the critical moments in the activities of the operating employee, an investigator. Therefore, mistakes made by law enforcement officials are due to insufficient knowledge of the theoretical rules of qualifying crimes. Consequently, in the course reveals the basic theoretical principles of qualifying crimes, the concept and importance of qualifying crimes, highlights the ordinary rules of qualifying crimes, but also pays attention to special rules qualifying crimes.

CRML 2005 Criminology.

3 credits. Prerequisites: CRML 2001.

Criminology. The course studies the theory of criminology as a science of crime, its causes, perpetrators of crimes, crime prevention, are considered characteristic of and measures to prevent various types of crime. Detailed analysis of questions to determine the causes and circumstances of crime, special attention is paid to the criminological characteristics of the offender.

CVLL 2002 Рим құқығы.

3 кредит. Пререквизиттер: CVLL 2001.

Жоғарғы дәрежедегі заңгерлерді даярлаудағы рим құқығы оқудың алатын орны. Біріншіден, осындай білімді алу әр түрлі мемлекеттердің заңгерлердің араласуына мүмкіндік береді; себебі, әр түрлі құқықтық жүйелердің маңызын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, рим құқығы заңи лексика, заңи ойлауды қалыптастыруға көмектеседі.

CVLL 2003 Отбасылық және тұрғын үй құқығының мәселелері.

3 кредит. Пререквизиттер: CVLL 2001.

Отбасылық және тұрғын үй құқықтары курстарын оқу нәтижесінде студенттер: құқық жүйесінде отбасы және тұрғын үй құқықтарының алатын орнын, отбасы және тұрғын үй құқықтарыың негізгі заңнамаларының даму кезеңдерін; отбасы және тұрғын үй құқықтарының мазмұнын, мақсаттарын, ғылыми әдістерін, тәжірибемен байланысын білуге тиіс.

CVLL 2004 Кәсіпкерлік құқық.

3 кредит. Пререквизиттер: CVLL 2001.

Пәнді оқудың нәтижесінде студенттер кәсіпкерлік құқық және заңнамалардың мазмұнын, экономиканың функционалдық түрлерінің, мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздерін; шаруашылық қызметтердің құқықтық негіздерін реттеудің; шаруашылық құқықтық қатынастардың пәні, субьектілері және обьектілері туралы ұғымдарды; кәсіпкерлік қызпметтің негізгі нормаларын білуге; экономика қызметтерінің аясындағы құқық бұзушылық пен қылмыс үшін жауапкершілік нысандарын білуге тиіс.

CVLL 2005 Халықаралық жеке құқық.

3 кредит. Пререквизиттер: CVLL 2001.

Халық аралық жеке құқық бойынша курсты оқу нәтижесінде халықаралық жеке құқықтың жүйесінде алатын орны мен ролі туралы ұғымдарды; халықаралық жеке құқықтың негізгі даму кезеңдерін; халықаралық жеке құқықтың және шет емелекеттердің негізгі ережелері туралы; практикалық жағдайларға байланысты түсіндірме беруді және сот шешімінің мүмкіндігін, сонымен қатар, заң құжаттарының әр түрі мәтіндерін (шарттар, сенімхаттар, талап-арыздарға түсініктеме беру және т.б).

CVLL 2004 Entrepreneurial law.

3 credits. Prerequisites: CVLL 2001.

At the result of learning the discipline “Civil-law basics of entrepreneurship”, students should know the content of entrepreneurial law and legislation, the legal framework of state regulation of functional types of economies; legal bases of regulation of economic activity, have an idea about the item, subjects and object of economic relations, have knowledge of the fundamental norms of entrepreneurial law, forms of liability for violations and crimes in the sphere of economic activity.

CVLL 2005 International private law.

3 credits. Prerequisites: CVLL 2001.

As a result of studying a course onInternational private law” students should have an idea about the role of international private law in the legal system, the main stages in the development of international private law, the main provisions of international private law of the Republic of Kazakhstan and foreign countries to give a theoretical comment for practical situations and the possible judicial decision, and make the texts of various legal documents (contracts, powers of attorney, explanation of lawsuit, etc.).

ECOL 3002 Аграрлық құқық.

3 кредит. Пререквизиттер: ECOL 2001.

«Аграрлық құқықты» үйрену жоғары білікті заңгерлерді дайындауда маңызды орын алады. Пән студентке негізгі түсініктер және терминдер, аграрлық қатынастар, аграрлық заңнаманы, ауылшаруашылық ұйымдардың түрлері мен құқықтық жағдайын, ауылшаруашылық мақсатына арналған жерлердің құқықтық жағдайы, ауылшаруашылық ұйымдардың қаржылық жағдайы, аграрлық заңнаманы бұзғаны үшін заңды жауапкершілікті үйренуге көмектеседі.

ECOL 3003 Су құқығы.

3 кредит. Пререквизиттер: ECOL 2001.

«Су құқығы» пәні су пайдалануды құқығын беру, пайдалану және тоқтатуға байланысты су қатынастарын, су пайдалану құқығының құқықтық жағдайын, су заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілікті үйренуге көмектеседі.

ECOL 3004 Тау кен құқығы.

3 кредит. Пререквизиттер: ECOL 2001.

«Тау кен құқығы» пәні жер қойнауын қорғау және пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін заңнаманы, жер қойнауына меншік құқығы, жер қойнауы саласындағы келісім шарттар, мемлекеттік реттеу, осы саладағы заңнаманы бұзғаны үшін заңды жауапкершілікті үйренуге көмектеседі.

ECOL 3005 ШФҚ қызметін құқықтық реттеу.

3 кредит. Пререквизиттер: ECOL 2001.

«Шаруа (фермер) қожалығының қызметін құқықтық реттеу» пәні шаруа (фермер) қожалығының қызметінің құқықтық жағдайын, осы саладағы қаржылық қатынастарды, шарттық қатынастарды, шаруа (фермер) қожалығына жер беру және алып қоюдың құқықтық жағдайы, сонымен қатар осы саладағы заңнаманы бұзғаны үшін заңды жауапкершілікті үйренуге бағытталған.

ECOL 3006 Environmental legal basics of providing energy safety.

3 credits. Prerequisites: ECOL 2001.

The discipline «Environmental legal basics of maintenance of power safety» studies the power legislation regulating relations in sphere of use of power resources of Republic Kazakhstan, state regulation in power sphere, legal liability of infringement of the legislation in this sphere, and also studying environmental requirement at realization of power activity.

ECOL 3007 International environmental law.

3 credits. Prerequisites: : ECOL 2001.

The discipline «International environmental law» studies the international legal status of relations in sphere of preservation and protecting of the environment. Problems of the international responsibility for environmental offenses, and also questions of compensation of harm and an estimation of the put damage are considered.

LBRL 3003 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау.

3 кредит. Пререквизиттер: LBRL 2001.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы. Студент еңбекке қабілетсіз азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету және материалдық қамсыздандыру бойынша заңнама және құқық қолдану тәжірибесінде негіз қалайтын теориялық ережелерді меңгеруі керек, ол күрделі, казуистік құқық жағдайларда бағыт – бағдар ала білуі керек және де дұрыс және заңды дәйекті шешім таба білуі керек. Оқу курсы зейнетақылық заңнамамен, балалары бар жас отбасыларға жәрдемақы беру туралы заңнамамен, әлеуметтік сақтандыру, медициналық қызмет көрсету заңнамаларымен жұмыс істеуге бағытталған.

LBRL 3004 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы.

3 кредит. Пререквизиттер: LBRL 2001.

Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі. Бұл оқу курсын зерделеу еңбектің қауіпсіз жағдайында адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру механизмі мен тәсілдері аясында білімнің қажетті дәрежесін меңгеру мүмкіндігін береді.

LBRL 3005 Нотариат.

3 кредит. Пререквизиттер: LBRL 2001.

ҚР нотариат әртүрлі салаларға жатқызылатын нормаларды қосады, осыған байланысты нотариат курсын зерделеу үшін негіз болып конституциялық, азаматтық, отбасылық, еңбек, жер, салық және қаржылық құқық пәндері, сонымен қатар субъективтік құқықтарды қорғаудың даусыз нысанын қамсыздандыру тәртібі бекітілген ҚР заңнамалық және басқа да құқықтық актілер табылады.

LBRL 3006 Атқару өндірісі.

3 кредит. Пререквизиттер: LBRL 2001.

Атқару өндірісі. Бұл таңдау бойынша алынатын пәнді оқу барысында студенттер келесі мәселелерге көңіл бөледі: а) атқару әрекеттерін жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормалардың мағынасы; б) қылмыстық, шаруашылық, азаматтық және өзге де істер бойынша заңдылықты бекітудегі атқару өндірісінің ролінің артуы; в) құқық нормаларының сот орындаушыларының, сот приставтарының және басқа да атқару органдарының тәжірибесімен тығыз байланысты.

JUS 3002 Құқық қорғау органдары.

3 кредит. Пререквизиттер: JUS 3001.

Құқық қорғау органдары. Модуль құқық қорғау органдарының мәні мен мақсаттары, кеңес заманында және қазіргі уақытта Қазақстандағы құқық қорғау органдарының қалыптасуы, даму кезеңдері туралы, олардың заңи тұрпаты, басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, құқықтары мен міндеттері туралы қажетті білім көлемін беруін мақсат етеді. Сонымен қатар, сот билігінің, сот қызметінің негізгі бағыттары туралы айтылып, судьяның мемлекеттік биліктің өкілі ретіндегі ерекше қызметіне басты назар аударылады.

JUS 3003 Заңгердің кәсіби этикасы.

3 кредит. Пререквизиттер: JUS 3001.

Заңгердің кәсіби этикасы. Құқық қорғау органдарының қызметі ерекше мақсаттармен туындаған көптеген ізгілік мәселелерімен қатар журеді осында құқық қорғау органдарының алдына қойған мақсаты құқықбұзушылықпен күрес жүргізу амалдары ерекше орын алады. Бір жағынан құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілген құзырет азаматтардың құқықтарын құқықтық қорғаумен қатар, адамгершілік тұрғысынан қарауды міндеттесе, екінші жағынан қызметтік міндетті жүзеге асыруды негіздейді.

JUS 3004 Прокурорлық қадағалау.

3 кредит. Пререквизиттер: JUS 3001.

Прокурорлық қадағалау. Пәннің оқытылуының негізгі мақсаты – қана прокурорлық қадағалаудың мәні мен ерекшелінін анықтау ғана емес, сонымен қатар студенттерді прокурорлық қадағалаудың жүзеге асыру әдістерімен, заңдылықты бұзушылықта алдын-ала ескерту формаларымен таныстыру. Курстын мақсаты-прокуратура қызметінің методикасын және заңдылықты күшейту барысындағы күрестің ұтымды жолдары мен құралдарын көрсету.

JUS 3005 Адвокатура және адвокаттық қызмет.

3 кредит. Пререквизиттер: JUS 3001.

Адвокатура және адвокаттық қызмет. Бұл пәннің мақсаты юриспруденция мамандығы бойынша оқитын студентеріге арналған және адвокаттық қызметті реттейтін қолданыстағы заңнама, сондай-ақ осы мәселе бойынша жетекші қазақстандық және ресейлік ғалымдардын жұмыстары негізінде әзірленді. Сонымен қатар бағдарлама қылмыстық, әкімшілік және азаматтар істерді қарау кезде қорғаушы немесе өкіл болатын адвокат қызметін талдауды көздейді.

FNSL 4002 ҚР салық құқығы.

3 кредит. Пререквизиттер: FNSL 3001.

ҚР салық құқығы. Курстың мақсаты - студенттерді салықтық құқықтың негізгі теориялық жағдайларымен және оның болмысының әлеуметтік-экономикалық негіздерімен таныстыру; оларға салықтық-құқықтық нормалардың құрылымы мен құқықтық реттеу механизмдерін, салықтық құқықтық қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ осы қатынастарды мемлекеттік реттеу жолдары мен тәсілдерін ашып көрсету; салықтық құқықтың жалпы және ерекше бөлімдері құрылымының, олардың құрамына жаңадан қосылған институттардың, салықтық құқықтағы заңи фактілердің жан-жақты сипаттамасын беру.

CRML 4006 Салық салу саласындағы қылмыстарды саралау.

3 кредит. Пререквизиттер: CRML 2001.

Салық салу саласындағы қылмыстарды саралау. Курс аясында ҚР 7 тарауында қарастырылған нормалардың табиғаты және оларды қолдану ережелері ашылған. Аталған нормаларды қолдану кезіндегі бағалық белгілерді түсіндіру талданылып, салық және қаржылық қылмыстардың қоғамға қауіптілігі анықталынған, сонымен қатар осы қылмыстарды ұқсас қылмыстардан ажырату мәселелеріне көңіл бөлінген.

FNSL 4003 Банкілік құқық.

3 кредит. Пререквизиттер: FNSL 3001.

Банкілік құқық. Бұл пәнді оқу барысында студенттер банктің және банкілік операциялардың жекеленген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет ерекшеліктерімен, банкілік істің ұйымдастырылуының тарихи типтерімен, банкілік құқықтық қатынастардың түрлерімен, банкілік қызметті қадағалу сондай-ақ, банкілік операцияларды оқып үйренеді. Курстың мақсаты – банк құқығының пәнін, құқықтық реттеу әдістерін және қайнар көздерін зерделеу.

FNSL 4004 Кеден құқығы.

3 кредит. Пререквизиттер: FNSL 3001.

Кеден құқығы. Қазақстанның кеден құқығының негізгі ережелері кеден заңдылықтарының құқықтық институттарына негізделген. Оларға кеден кеден шекарысынан тауарлар мен көлік құралдары етуінің қағидалары мен құқықтық механизмдерін, кеден режимдерін, кеден төлемдерін, кеденді рәсімдеу мен кедендік бақылауды, кедендік құқық, бұзушылық үшін жауапкершілікті жатқызуға болады.

CRML 4007 Жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды саралаудың негізі.

3 кредит. Пререквизиттер: CRML 2001.

Жеке тұлғаларға қарсы бағытталған қылмыстарды тергеу әдістемесі пәні осы санаттағы қылмыстардың түрлерін, олармен күрес жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерімен студенттердің тереңірек оқып үйренуіне бағытталған. Сондай-ақ осы санаттағы қылмыс түрлерін тергеу әдістемесінің теориялық мәселелерін, қылмыстық істерді қозғау ерекшеліктерін, болжау құрудың негіздерін, тергеуді дұрыс жоспарлау қағидаларымен, тергеу барысында арнаулы білімді қолдану нысандарын, тергеуші мен жедел-іздестіруші қызметкерлерінің өзара іс-әрекеттері талданып, зерделеуге көңіл бөлінеді.

CVLL 4006 Корпоративтік құқық.

3 кредит. Пререквизиттер: CVLL 2001.

Корпоративтік құқық. Курсты оқу барысында курсты тыңдаушылар заңды тұлғалардың ішкі қызметін құқықтық қамтамасыз етудің негізгі әдіс, тәсілдерімен танысады; заңды тұлғаның ұйымдық құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты заңды тұлғаның локальді құқықтық актілерін қабылдау мен оған қатысты нормативтік құқытық актілерді қолдану ерекшеліктерін үйренеді.

CRML 4008 Экономика саласындағы қылмыстарды саралаудың мәселелері.

3 кредит. Пререквизиттер: CRML 2001.

Экономика саласындағы қылмыстарды саралаудың мәселелері. Курстың аясында ҚР 7 тарауында қарастырылған нормалардың табиғаты және оларды қолдану ережелері ашылған, бағалық белгілерді түсіндіру талданылып, экономикалық қылмыстардың қоғамға қауіптілігі анықталған, ұқсас қылмыстардан ажырату жүргізілген. Экономикалық қылмыстардан сақтандыру мәселелеріне, құқық қорғау органдарының қызметінің тиімділігін арттыруға назар аударылған.

CVLL 4007 Инттелектуалдық меншік құқығы.

3 кредит. Пререквизиттер: CVLL 2001.

ҚР Интеллектуалдық меншік құқығы курсының аясында нтеллектуалдық меншік обьектілерін құқықтық қорғаудың және оған теңестірілген обьектілердің мазмұнының шараларын; интеллектуалдық қызмет обьектілерінің құқықтық қорғау аясындағы заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерді талдауды және қолдануды білуге, заңи тұрғыдан фактілерді жіктеуді, айрықша құқықтардың пайда болуын, өзгеруін және тоқтатылу негіздері оқытылады.

FRNE 4002 Сот сараптамасы.

3 кредит. Пререквизиттер: FRNE 3001.

Сот сараптамасы – сот өндірісінде сот сараптамасын қолдануды, сот сараптамасының жіктелуін, әртүрлі сыныптарды (топтар, түрлер) зерттеу объектілерін, материалдарды дайындау және сот сараптамасын тағайындау ерекшеліктерін және сот сараптамасының қорытындысын бағалауды оқытады.

FRNE 4003 Жедел іздестіру қызметінің теориясы мен тәжірибесі.

3 кредит. Пререквизиттер: FRNE 3001.

Жедел-іздестіру қызметінің теориясы мен тәжірибесі – ЖІҚ құқықтық негіздерін, оның мақсаты мен міндеттерін, жедел-іздестіру шараларының түрлерін сыныптау және оларды жүзеге асыратын органдар туралы, қылмыстық сот өндірісінде жедел-іздестіру қызметі нәтижелерінің маңызын оқытады.

FRNE 4004 Заң психологиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: FRNE 3001.

Заң психологиясы – заңнамалық қызметтің психологиялық тұстарын, қылмыскер мен қылмыстың психологиясын, алдын ала тергеу және қылмыстық сот өндірісінің психодогиясын, сот-психологиялық сараптамасын тағайындау және жүргізудің мәселелерін оқытады.

FRNE 4005 Сот медицинасы және сот психиатриясы.

3 кредит. Пререквизиттер: FRNE 3001.

Сот медицинасы және сот психиатриясы – адамның денесіндегі жарақатарды және іздерді, олардың түрлері мен белгілерін, биологиялық объектілерді (қан, слекей, сперма және т.б), психикалық ауруларды, сот-медициналық және сот-психиатриялық сараптамаларды дайындау мен тағайындау мәселелерін оқытады.