Жалпы мәліметтер Музей КазНУ
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің музейі
Жаңа музейдің ашылу салтанаты 2009 жылдың 13 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келу сапарымен орайластырылды. Музей аумағында қоғам және университет өміріне қатысты танымдық-тәрбиелік, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттемелік, инновациялық қызметтер жемісті жүзеге асырылуда. Экспозициялық кешеннің жалпы ауданы 1000 шаршы метрді құрайды. Ол негізінен - Тарих галереясы, Даңқ залы,Университеттiңтұрақты дамуыдеп аталатын залдардан тұрады.
|
|
Тарих галереясы Галереяның негізгі мағыналық тұжырымдамасы – Қазақстандағы ғылым мен білімнің дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын ҚазҰУ-дың тарихын көрсету.Мұнда әр жылдар аралығында университет басқарған ректорлар туралы және беделді ғылыми мектептердің пайда болуы мен дамуына қатысты тарихи құжаттар қойылған.
|
|
Музей кеңістігіндегі атриумда 1991 жылдан бастап университетімізге есімі берілген Шығыстың ғұлама ойшылы, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің мұраларына арналған жәнеТәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті, ҚазҰУ-дың Құрметті докторы мен Құрметті профессоры Н.Ә. Назарбаевқа арналған кешендер бар. | |
Даңқ залы Даңқ залының ортасында университеттің 75-жылдық мерейтойына арналған мәңгіліктің символы – Пирамида орналасқан. Зал қабырғаларына «Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері», «Университет түлектері – біздің мақтанышымыз» және «Құрметті профессорлар мен докторлар» атты фотогалереялармен толтырылған, мұнда біздің университетке келген Нобель лауреаттарының суреттері де қойылған. |
|
Университеттiңтұрақты дамуына арналғанзалы Факультеттердің, ғылыми зерттеу институттарының және ғылыми орталықтардың жетістіктері мен болашағы Университеттiң тұрақты дамуызалының көрмесіне қойылған. Ортада – заманауи білімнің әлемдік масштабын бейнелейтін «XXI ғасырдың Жершары» атты терең мағыналы композициялық қондырғы орнатылған. |
|
Университетті зерттеу университетіне айналдыру, әлем университеттерінің қатарына қосылу және тұрақты даму мақсатында «Al-Farabi university smart city» құру жөніндегі оқу орнының соңғы жылдардағы жеткен толағай жетістіктерін паш ететін 3D-технология форматындағы жаңа экспозициялар көз қуантады. | |
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ музейі – Халықаралық музейлер кеңесі Қазақстандық комитетінің құрылтайшысы әрі штаб-квартирасы Париж қаласында орналасқан үкіметтік емес халықаралық кәсіби ұйым ИКОМ құрамына енген бірден-бір жоғары оқу орны музейі. Еуразия және қазақ университеттері қауымдастығының құрамына енеді, әлем музейлерімен және мәдени орталықтарымен тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды. |
|
|
Мекен жайымыз: 050040., Алматы қ, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, каб 2-3, Тел.3773340, ішкі 1359, ұялы тел.87017106800 |
Жұмыс уақыты: 9.00 -18.00 с. (түскі үзіліс13.00-14.00 с.)
Демалыс кундері: сенбі, жексенбі |