Арабтану орталығының директоры Е.К.Шоқай Мысырда халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда

31.01.2024

Көрулер: 197

Каир қаласында шығыстанушы ғалым, академик Әбсаттар Дербісәліге арналған «Тәуелсіз Қазақстанда ислам мәдениетін дамытудағы академик, шейх Әбсаттар Дербісәлінің қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті. Белгілі ғалым, қоғам қайраткері, академик Әбсаттар Дербісәлінің өмір жолы мен ерен еңбегін еске алуға арналған Нілдің жағасында өткен конференцияға шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы, Арабтану орталығының директоры Е.К. Шоқай қатысып, университет ректоры Ж.Қ. Түймебаевтың конференцияға қатысушы зиялы қауымға құттықтау сөзін жеткізіп қайтты.