Жаңа демеушіден халықаралық стипендия

29.01.2024

Көрулер: 203

2024 жылғы 26 қаңтарда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында"HOWON Ceramic & granite" компаниясының (Сеул қ., О.Корея) халықаралық стипендиясымен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты рәсімде ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасының 2 курс 3 студенті(Корейтану бөлімі) сертификаттармен және стипендиялармен марапатталды. Осы "HOWON Ceramic & Granite" стипендиясының демеушісі алғаш рет 2010 жылдардың басынан бастап шетелдік студенттерге стипендия бере бастады. HOWON Ceramic & Granite компаниясының директоры Чонг Кёнвон Корей тарихы және мәдениеті қорының бас хатшысы қызметін атқарады, ол жыл сайын әлемнің әртүрлі елдеріндегі Кореяның әртүрлі университеттерінің студенттерімен тарихи экскурсия жасайды. Ол Қазақстанға екі рет (2022 және 2023 ж.) көптеген студенттермен келіп, тарихи жерлерді аралады. Және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасынан да жақсы белгілі. Стипендияға үміткерлер бағалары мен ұсыныс хаты негізінде профессор Ли Бён Джоның жетекшілігімен ұсынылды. Қиыр Шығыс кафедрасының (корейтану кафедрасы) 2 курс стипендиаттары корейтану саласында тағы да жоғары білім деңгейін көрсетіп, қиын бәсекеден өтті. Бұл жетістік кафедраның барлық студенттеріне жақсы үлгі болды.