ОПҚ марапаттаулары мен жетiстiктері

 

2021 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлына бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік дамуына сіңірген еңбегі үшін «Бірлік» (Бірлік) медалін тапсырды.

 

29 сәуір 2021 Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы «Абай Құнанбайұлына 150 жыл» төсбелгісімен марапатталды (куәлік No 007 29.04.2021 ж.).

 Кафедраның аға оқытушысы Зарипова Ю.А. «Білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының» ББ сараптамасы шеңберінде жауапкершілік пен кәсібилігі үшін алғыс хатпен марапатталды 2019-2020 жж.


 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры Джунушалиев Владимир ҚазҰУ ректорының бұйрығымен Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін “ ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН “ медалімен марапатталды!
  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қызметкерлерінің «Парасат» жергілікті кәсіптік одағы теориялық және ядролық физика кафедрасының профессор Буркова Н.А. 65 жылдық мерейтойымен көп жылдық ынтымақтастығы үшін және университеттің кәсіподақтық және қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді.
  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қызметкерлерінің «Парасат» жергілікті кәсіптік одағЫ ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері , Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлының 75 жылдық мерейтойымен көп жылдық ынтымақтастығы үшін және университеттің кәсіподақтық және қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді.
 
Теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры, ф.-м.ғ.д. Пеньков Ф.М. Қазақстан Республикасы мен Біріккен ядролық зерттеулер институты арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Біріккен ядролық зерттеулер институты құрылғанына 60 жыл толуына байланысты "ғылымға және Біріккен ядролық зерттеулер институтына сіңірген еңбегі үшін" құрмет естелік медалімен марапатталады.

Қазақстан Республикасының атом саласын дамытуға қосқан үлесі және кәсіби қызметте жеткен жоғары нәтижелері үшін кафедра профессоры Пеньков Ф.М. марапатталады.

  Кафедра доценті В.О. Курмангалиева "Еуразиялық білім беру кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету және аккредиттеу" оқыту семинарына қатысты.

 

 

 

 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізетін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингінде, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім беру бағдарламасы «Физика - B054» 1 орынға ие болды.

 

 

 

 

 

Теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті, ф.-м.ғ.д. Абишев М.Е. профессор ғылыми атағын иеленді.

 

 

 

 

Теориялық және ядролық физика кафедрасының профессорлары Джунушалиев В.Д., Жолдыбаев Т.К, Буркова Н.А. және Пеньков Ф.М. университеттің үздік оқытушыларының "ТОП-30" рейтингіне кірді. 

 

 

Ұлттық ғылым академиясының төралқасының шешімімен, физика-математика ғылымдарының докторы, теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры Джунушалиев Владимир Джумакадырович  Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі болып сайланды.

 

Еуропалық ғылымдар академиясы төралқасының шешімімен, теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Наталья Александровна Буркова Еуропа ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды.

 

Ф.-м.ғ.д., теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры Жүсіпов Марат Әбжанұлы университетке сіңірген елеулі еңбегі үшін "Әл-Фараби үлкен алтын медальымен" марапатталады (2020 ж.).

 

 

 

PhD,  теориялық және ядролық физика кафедрасының доценті м.а., Садуев Нуржан Орынбасарович  «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2020» атағын иеленді.

PhD,  теориялық және ядролық физика кафедрасының доценті м.а., Шынарай Мырзақұл Ратбайқызы  «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2019» атағын иеленді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің теориялық және ядролық физика кафедрасының магистрант және докторанттары Үтей Ш.Б. (оң жақта), Жұмабаев А.И. (сол жақта) және Омар Ж.О. (ортада) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физико-техникалық кластері бойынша стипендия иегерлері атанды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоратының салтанатты отырысында, теориялық және ядролық физика кафедрасының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Белисарова Ф.Б. Қазақ Республикасының  Білім және Ғылым Министрлігінің ведомстволық марапаты - Ы. Алтынсарин атындағы төс белгісімен "Білім беру және тәрбие процесстерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі елеулі еңбегі үшін" марапатталды.

Қазақ физикалық қоғамының 2018 жылғы салтанатты қорытынды отырысында Қазақ ұлттық университетінің ғылыми зерттеулер және инновациялар жөніндегі проректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Тілекқабыл Сәбитұлы Рамазанов Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақ Ұлттық Университетінің теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры, Эксперименттік физика институтының ғылыми жетешісі Төлеген Әбдісағайұлы Қожамқұловты "Еңбек Ардагері" медалімен марапаттады.
  Қазақ физикалық қоғамының 2018 жылғы салтанатты қорытынды отырысында Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі және профессоры Әбішев М.Е. ҚР БҒМ ведомстволық марапаты - «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 3-ші желтоқсандағы Жарлығына сәйкес әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығымен ҚР ҰҒА академигі, профессор, ф.-м.ғ.д. Қожамқұлов Төлегенов Әбдісағиұлы марапатталды.


 

Қазақстан республикасының ұлттық ғылым академиясының академигі, ф.-м.ғ.д., теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры Такибаев Нұрғали Жабағыұлы «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2015» атағын иеленді.

 

Кафедра доценті, PhD Бошқаев Қуантай Абғазыұлы  «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2015» атағын иеленді.

 

Кафедра доценті, PhD Бошқаев Қуантай Абғазыұлы Әл-Фараби Ұлттық Университетінің «Үздік Жас Ғалымы» дипломымен марапатталды.

 

Ректордың бұйрығымен (№ 300, 28.08.2015 г.) кафедраның оқу әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, ф.-м.ғ.к. профессор Белисарова Фарида Бексұлтанқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80 жылдығына орай университеттің дамуына қосқан үлесі үшін мерейтойлық медалімен марапатталды. 


 

Ректордың бұйрығымен (№ 300, 28.08.2015 г.) кафедраның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, ф.-м.ғ.к. профессор Белисарова Фарида Бексұлтанқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80 жылдығына орай университеттің дамуына қосқан үлесі үшін мерейтойлық медалімен марапатталды.

 

 

Ректордың бұйрығымен (№ 300, 28.08.2015 г.) ф.-м.ғ.к. профессор Бейсен Нұрзада Әбдібекқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80 жылдығына орай университеттің дамуына қосқан үлесі үшін мерейтойлық медалімен марапатталды.
 

 

Кафедра доценті, ф.-м.ғ.к. Бейсен Нұрзада Әбдібекқызы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін "Ы. Алтынсарин" атындағы медальмен марапатталды.

 

Кафедра доценті, ф.-м.ғ.к. Бейсен Нұрзада Әбдібекқызы ҚР БҒМ алғыс хатымен марапатталды.

 

Кафедра доценті, PhD Бошкаев К.А. халықаралық ғылыми конференцияларда баяндама жасады.

Кафедра доценті Нұрбакова Гулия Серикахметовна «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2016» атағын иеленді.

 

Кафедраның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, ф.-м.ғ.к. профессор Белисарова Фарида Бексұлтанқызы "Competence-based study program development" сертификатымен.