әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология мұражайы

Университетінің биология мұражайы 1936 жылы биология факультетінің зоология кафедрасының жанынан зоология, ал 1949 жылы биология мұражайы болып ашылған. Қазіргі мұражай 1984 жылы университеттің 50 жылдық мерей той қарасаңында ашылды.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология мұражайы республика аумағында ғана емес, ТМД жоғарғы оқу орындарының арасында теңдесі жоқ бірегей мұражай. Бұл мекеме университеттің Phd, магистранттар мен бакалаврлар пайдаланатын ғылыми-зерттеу және ғылыми-ағарту орталығы.

Мұражай қордан жәнекөрме үлкен залынан тұрады. Мұражай қоры сүтқоректілер, құстар және жәндіктер бөлімінен тұрады. Көрме залы 3 бөлімнен тұрады, 1 және 2 қабаттардың қабырғаларында орналасқан “жануарлар мен өсімдіктер әлемінің жүйесі” деген бөлімдерде 84 витриналарда 5000-нан аса жәдігер қойылды. Бұл залдардағы жәдігерлер биология ғылымдарының қазіргі тақырып бағыттарына байланысты жүйелі түрде бөлімдерге қойылған:

I. Қазақстан табиғатының биоалуантүрлілігі

II. Жердің даму тарихы және тіршіліктің пайда болуы

III. Табиғат қорғау

ІV. Жануарлар әлемдерінің жүйесі

V. Өсімдіктер әлемдерінің жүйесі