Кафедра жаңалықтарының күнтізбесі

2021 жылыдың 2 ақпанында Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы жанындағы Білім атташесі Махмут Ағырман мырза әл-Фараби ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Түрксой бөлімінің кітапханасына Түрік тілі мен әдебиеті, Түрік тарихы мен мәдениетіне қатысты ғылыми еңбектер мен көркем әдеби шығармаларды сыйға тартты.

 

2021  жылы 3 ақпанда алықаралық ТҮРКСОЙ халықаралық  ұйымының студенттерді ынталандыру шәкіртақысын табыстау рәсімі Шығыстану факультетінде жалғасты. Сонымен қатар,  ТҮРКСОЙ ұйымының Әкімшілік, қаржылық және құқықтық істер бөлімінің бастығы Санжар Мулазымоглы мен ТҮРКСОЙ ұйымның Қазақстандағы өкілі Асқар Тұрғанбаев кафедраның кітапхана қорына халықаралық ұйымның баспасынан жарық көрген түркі халықтарының әдеби көркем шығармаларын сыйға тартты.

 

 

3 февраля 2021 года представитель ректора Международного казахско-турецкого университета имени Ахмета Ясави господин Дженгиз Томар посетил факультет востоковедения.

Почетного гостя приветствовали проректор по коммерциализации Мехмет Арслан и декан факультета Ихтияр Палторе. Дальнейшее развитие получило сотрудничество между двумя университетами.

2013 жылы 24 қыркүйекте тюркология және индология кафедрасының ұйымдастыруымен "Үндістан-Орталық Азия қазіргі жағдайы мен даму болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Проф. доктор К.Сантанамның бастауымен бір топ делегация қатысты.

_____________________________________________________________

 

15.11.2013.ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Түркітану және үндітану кафедрасының ұйымдастырумен Кастамону университетінің оқытушысы Камиль Мұраттың «Түрік Халық би өнері» атты мастер-класы өтті. Лекциядан кейін Камиль Бей түркітану және үндітану студенттеріне арнайы Түркия Республикасы Каратеңіз жағалауының «Хорон» атты биін үйретті.

 

_______________________________________________________________________________________

 

2013 жылы қарашаның 22 жұлдызында Қазақ Қыздар Мемлекеттік Университетінде магистранттар мен студенттерге "Заки Ахметов және қазақ әдебиетінің қазіргі таңдағы даму жолдары" атты ЖОО аралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Түркітану және үндітану кафедрасынан 2 курс студенттері қатысты. 1 орынды Қодар Айман "Дивани лұгат ат-түрктегі философиялық терминдерді лингвистикалық тұрғыдан талдау" тақырыбындағы баяндамасымен иеленсе, Мелёхин Ярослав "Түркі тілдеріндегі синхронды аударманың ерекшелігі" атты баяндамасымен 3 орынды иеленді.

 

 

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

 

29 қараша 2013 жылы Түркітану және үндітану кафедрасының ұйымдастыруымен "Әлемдік кеңістіктегі түркітану мәселелері" атты шеберлік сыныбы өтті. Шеберлік сыныптың қонақтары ретінде А. Мицкеевич атындағы Познан университетінің профессоры Хенрук Янковский (Польша), Вашингтон университетінің профессоры Талант Мауқанұлы (Америка) және Анкара университетінің профессоры Фунда Топрак (Түрік елі) қатысты. Шеберлік сыныпта "Түркітану ғылымының мәселелері, түркі лингвомәдениеттану мәселелері, түркі халықтарына ортақ мұра" тақырыптары қарастырылды.