Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу

10.05.2013

Көрулер: 2601

Адамзат тарихындағы ең қанды да қасіретті соғыстың аяқталғанынан бері қанша жылдар өтсе де, біздің аталарымыз бен әкелеріміздің жеңісті жақындатқан ерлігі мен қаһармандығы ешуақыт ұмытылмайды. Біз олардың әрбір адам үшін ең қымбат құндылықтар – туған Отан тәуелсіздігі мен бостандығы, жақындарымыздың тыныштығы мен бейбіт өмірі жолындағы ерліктерін мәңгі есте сақтаймыз. Бұл күні өзінің бастапқы кәсіби белгіленімінен әлдеқашан биік дәрежеге көтеріліп, Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесіне айналды.

Міне, бейбітшілік аспан аясында өмір сүріп келеміз. 9 - мамыр – баршамыз үшін ұлы мейрам болып табылатыны сөзсіз. Біз ұлы Отан соғысы қандай бағамен жеңіске жеткендігін мәңгі есте сақтаймыз. Отанымыздың бейбітшілігі мен бостандығы үшін қан майданда соғысқан жауынгерлерімізді ешқашан да ұмытпаймыз. Осы күнге дейін бұл өмірден кім өтіп қайтып, кім қалмады. Өмірден қайтқандардың естелігіне, қан майданда жеңіске жетіп, бізге тыныш та бақытты өмір сыйлаған ардагерлеріміздің құрметіне көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі Ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамының ұйымдастыруымен Ұландар күніне орай ұйымдастырылған салтанатты кешпен, Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесуі.

Кешті факультет механика-математика факультетінің деканы Ахмед-Заки Дархан құттыктау сөзбен ашты. Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін мерекелерімен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, ашық аспан және бейбітшілік тіледі. Студенттерде өз өнерлерін ортаға салды. Студенттер соғыс кезінен үзінді ретінде көріністер қойып, би-билеп, патриотты әндер орындады. Ақпараттық жүйелер мамандығының 2 курс студенттері Серікбаев Ерсұлтан мен Куранали Мейрамгул кеш жүргізушілері болды. Ақпараттық жүйелер мамандығының 2 курс студенті Смаилова Аида жастардың ерік жігерін оятатын әсем ән орындаса, Ақпараттық жүйелер мамандығының 2 курс студенттері Тұрарбек Балжан мен Шымырбаева Ақерке ардагерлердің көңілін көтеретін тамаша аққудай тербетіліп би биледі. Ақпараттық жүйелер мамандығының 2 курс 3 топ студенттері ақ пен қараны, соғыс пен бейбітшілікті суреттейтін көріністерін көрсетті. Кештің мақсаты уақыт өтседе, ұрпақтар өзгерседе, Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухы бар жастарды тәрбиелеу.

Кеш соңында қадірлі қонағымыз, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Романов Вячеслав Иванович сөз сөйлеп, өз алғысын білдірді.