Тәуелсіздік шежіресі – ел шежіресі

19.12.2013

Көрулер: 2242

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні орай механика математика факультеті іргелі математика кафедрасы 10 желтоқсан күні «Тәуелсіздік шежіресі – ел шежіресі» мерекелік шара өткізді. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Сонау ерте заманнан – ақ бабаларымыз елінің болашағын ойлап күңірнеді толғанды. Әлде қазақ халқының болашақ өмірде мың өліп, мың тірілетін болжады ма екен?

Студентер біздің кең байтақ еліміздің тәуелсіздік жолында өткен қиыншылықтарына кішігірім сахналық қойылымдар қойды. Және өз өнерлерін паш етті. Өлең айтып, күй орындап, би биледі.

Біз әлі жас мемлекетпіз. Солай бола тұрса да 20 жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтпақпыз. Сіздерге тек бақыт пен ашық аспан тілейміз. Тәуелсіздігіміз нығая берсін! Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін!